Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың барлық шығындарының 52 пайызы т...

Қазақстандықтардың барлық шығындарының 52 пайызы тамаққа жұмсалады

Әлеумет 18.11.2023, 07:07 1,146
Қазақстандықтардың барлық шығындарының 52 пайызы тамаққа жұмсалады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығын 14 пайызға өсті.



2023 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылықтарының азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсаған шығындары 13,9%-ға өсіп, 421,1 мың теңгені құрады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап


Бұл шығындардың азық-түлік тауарларына жұмсалған барлық шығындардағы үлесі 92%-ды, жалпы тұтыну шығындарынан 52%-ды құрады.


Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығын 369,8 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,6%-ға артық.


Өңірлер бойынша азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға ең көп шығын Түркістан облысының тұрғындары арасында тіркелді: тоқсанына 557,5 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 13,9%-ға артық.


Тамаққа көп ақша жұмсайтын өңірлердің “бестігіне” сонымен қатар Маңғыстау облысы (551,6 мың теңге, плюс 10%), Атырау облысы (512,4 мың теңге, плюс 14,5%), Ұлытау облысы (502,5 мың теңге, плюс 30%) және Алматы облысы (484,3 мың теңге плюс 7,6%) кірді.


Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға шығындардың жыл сайынғы ең үлкен өсімі Ұлытау облысында, ең азы - Павлодар облысында байқалды.


Тұрғындардың азық-түлік және алкогольсіз сусындарға жұмсаған шығындарының құрылымында ең көп үлесті (33,4%) ет және ет өнімдері алып отыр: республика бойынша орташа көрсеткіш - 140,6 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-ға артық.


Екінші қатарда нан өнімдері мен жарма өнімдері тұр: 64,5 мың теңге, плюс 15%. “Үштікті” сүт өнімдері жапты - қазақстандықтар оларға 44,7 мың теңге жұмсады, бұл 2022 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 21,4%-ға көп.


Ел тұрғындары жеміс-жидектерге 35,1 мың теңге, көкөніс сатып алуға 34,3 мың теңге, қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге 28,1 мың теңге, майға 22,7 мың теңге, алкогольсіз сусындар мен балық,теңіз өнімдеріне 17,6 мың теңге, жұмыртқаға - 9,1 мың теңге жұмсады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #шығын #табыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.