AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қазақстандықтардың АЭС құрылысы туралы көзқарасы б...

Қазақстандықтардың АЭС құрылысы туралы көзқарасы белгілі болды

АЭС: Референдум 12.09.2024, 11:28 1,208 Bakyt
Қазақстандықтардың АЭС құрылысы туралы көзқарасы белгілі болды
amanatpartiasy.kz

Қазақстандықтардың 57,8%-ы 2024 жылдың 6 қазанында өтетін референдумға қатысуды жоспарлап отыр, ал 59,3%-ы АЭС құрылысына қолдау білдірді. Бұл мәліметтер Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерінде ұсынылды.

Қоғамдық саясат институты Қазақстанда 2024 жылы өтетін атом электр станциясын салу жөніндегі референдумға тұрғындардың көзқарасын анықтау мақсатында экспресс-сауалнама өткізді. Зерттеуге елдің әр аймағынан 2000-нан астам тұрғын қатысты. Олардың қатарында жастар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және түрлі әлеуметтік топ өкілдері болды.

Институт директоры Мадина Нұрғалиеваның айтуынша, респонденттердің 74,6%-ы референдум туралы хабардар екендігін білдірген. Олардың 57,8%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 59,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясын салуға қолдау көрсетіп, оң пікір білдірген.

«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, халықтың басым бөлігі алдағы референдум туралы біледі және оған белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Азаматтардың бұл мәселе бойынша жоғары деңгейде хабардар болуы атом электр станциясы құрылысына қатысты қоғамның үлкен қызығушылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Шешім қабылдау процесінде халықтың әрбір пікірі ескеріліп, ашықтықты қамтамасыз ету маңызды,» – деп атап өтті Нұрғалиева.

Сауалнама барысында «face-to-face» әдісі қолданылды. Қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Медет Өмірзақов бұл әдіс деректерді жинаудың ең дәл тәсілдерінің бірі екенін атап өтті. Сауалнама қағазсыз, автоматтандырылған түрде жүргізіліп, әрбір сұхбаттың ұзақтығы, респонденттің реакциясы және GPS-координаттары тіркеліп отырды. Бұл деректердің сапасын арттырып, сауалнаманың дәлдігін бақылауға көмектесті.

Қоғамдық саясат институтының сарапшылары мұндай әлеуметтік зерттеулер қазақстандықтардың мәселені тереңірек түсініп, негізделген шешім қабылдауына көмектесетінін атап өтті. Сауалнама ҚР заңнамасына сәйкес өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #аманат #Сауалнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);