Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған алаяқтард...

Қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған алаяқтардың Украинадағы сall-орталығы жойылды

Әлеумет 29.12.2022, 15:00 961
Қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған алаяқтардың Украинадағы сall-орталығы жойылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қылмыскерлер банктік шоттарды, сондай-ақ оффшорлық шоттар мен криптовалюта әмияндарын пайдаланған.


Қазақстандық және украиндық киберполицейлер алаяқтардың Call-орталығын жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


«Қазақстан Республикасы ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының қызметкерлері Украина Ұлттық полициясындағы әріптестерімен бірлескен жедел іс-шараларды өткізу кезінде Днепр қаласындағы алаяқтардың Сall-орталығы қызметін тоқтатты.


Қазақстан азаматтарына қатысты интернет-алаяқтықпен айналысатын трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері анықталды. Олар Қазақстан азаматтарына телефон соғып, өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, күдікті транзакциялар туралы хабарлап, белгісіз тұлғалар олардың есепшоттарына қол жеткізді және транзакцияларды тоқтатамыз деген желеумен клиенттерді қаржылық мәліметтерді беруге көндірген, онлайн-несиелер алдырған. Мұндай ақпаратты алған шабуылшылар жәбірленушілердің ақшасын қылмыскерлердің бақылауындағы есепшоттарға аударған.


Қылмыстық топты ұйымдастырушылар алаяқ байланыс орталығының операторларын ынталандырып, қылмыстық жолмен қол жеткізген сомаға өсімақы төлеп отырған», - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.


Қылмыскерлер банктік шоттарды, сондай-ақ оффшорлық шоттар мен криптовалюта әмияндарын пайдаланған. Олар арқылы алаяқтық құрбандарынан ұрланған ақшаның белгілі бір пайызын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.


«Бұл ретте Украина тарапы күдіктілердің Днепропетровск облысындағы 13 тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізді. Жедел іздестіру шаралары барысында 45 компьютерлік техника, 24 ұялы телефон, sim-карта және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Тәркіленген компьютерлерде қоңырау шалу кезінде абоненттік нөмірлерді ауыстыруға арналған бағдарламалық жасақтама бар екені анықталды. Осы бағдарламалардың журнал файлдарын қарау кезінде қазақстандық операторлардың абоненттерінің нөмірлеріне алаяқтық қоңыраулар тарихы анықталды.


Сондай-ақ, тәркіленген техниканы тексеру барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке деректері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің эмблемасы бар деректер көзі табылды. Бұл ақпаратты алаяқтар өздерінің шоттарынан ақша жымқыру үшін форд-қоңырау шалу үшін пайдаланған», - дейді спикер.


Арнайы операция барысында қылмыстық топтың Украина азаматтары арасынан шыққан 32 мүшесі ұсталды. Call-орталығы 40 адамнан құралған. Қазіргі уақытта Украина тарапы қазақстандық киберполицияның көмегі арқылы тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Олар құқыққа қайшы қызметтің барлық мән-жайларын, қосымша эпизодтарын, ықтимал қатысушыларын анықтауға, сондай-ақ осы қылмыстық топтың Қазақстан азаматтарына келтірген залалын анықтауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаяқтар #Украина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.