Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер саны 100...

Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер саны 100-ге дейін артады

Әлеумет 04.04.2023, 10:35 829
Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер саны 100-ге дейін артады
Сурет: ашық дереккөз

Қазір мұндай елдердің саны – 79.



Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің саны 100-ге дейін артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. 



«Шетелдік туристер үшін қолайлы климат жасалады. Визасыз елдердің тізімін 100-ге дейін арттыру (2022 жылы – 79 ел) мәселесі және жаңа тікелей рейстерді ашу пысықталып жатыр», – деді Асхат Оралов.



Сондай-ақ, министрдің міндетін атқарушы саладағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар жалғасатынын айтты. Атап айтқанда, даму әлеуеті барынша жоғары туристік дестинацияларда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр.



Сонымен қатар, министрлік өңірлердегі бизнеске қолдау көрсететін болады. Қабылданған шаралардың негізінде кәсіпкерлік белсенділік артуы тиіс.




«Аталған шаралар жаңа салалық тұжырымдама шеңберінде іске асырылады. Нәтижесінде ішкі туристер саны 11 млн адамға дейін (2022 жылы – 8,6 млн), ал шетелдік туристер саны 4 млн адамға дейін (2022 жылы – 928 мың) өседі деп болжап отырмыз», – деді Асхат Оралов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #турист #артады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.