AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандықтар Тайландқа да визасыз кіре алады

Қазақстандықтар Тайландқа да визасыз кіре алады

Әлем 13.03.2024, 07:39 1,474
Қазақстандықтар Тайландқа да визасыз кіре алады
Сурет: интернеттен

Осы жеңілдікті алты айдың ішінде үш рет пайдалануға болады.


"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжат жобасына сәйкес, екі елдің азаматтары 30 күнге виза алудан босатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметі және Тайланд үкіметі арасындағы визалық талаптардан босатуға арналған келісімге қол қою туралы қаулының жобасын әзірледі.


"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжат жобасына сәйкес, екі елдің азаматтары 30 күнге виза алудан босатылады. Осы жеңілдікті алты айдың ішінде үш рет пайдалануға болады. Бірақ визасыз жүру мерзімінің жиынтығы күнтізбелік 90 күннен аспауы шарт. Осылайша, 30 күн өткен сайын елден шығып, визасыз қайта кіруге болады.



"Егер осы баптың 1-тармағында аталған адамдар екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз (30) күннен артық болуға ниет білдірсе, сол тарап мемлекетінің заңнамалары мен қағидаларына сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс", - делінген қаулы жобасында.



Келісімнің нақты мерзімі жоқ. Бірақ алдымен мемелекетішілік рәсімдер орындалуы қажет. Одан кейін екі жақ дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне жазбаша хабарлама жібереді. Содан бастап күнтізбелік 30 күннен соң келісім күшіне енеді.


Әрбір тарап екінші тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып, келісімді бұза алады. Ондайда соңғы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кейін келісім күші тоқтатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тайланд #виза #Қаулы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);