AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандықтар шенген визасын оңай ала алады

Қазақстандықтар шенген визасын оңай ала алады

Әлем 22.04.2026, 15:56 559
Қазақстандықтар шенген визасын оңай ала алады

Сыртқы істер министрлігі Еуропалық одақ елдерімен шенген визасына қатысты келісім қай кезеңде екенін айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаевтың сөзінше, бұл келісім Қазақстан азаматтарын шенген аймағына виза талаптарынан босатуды көздемейді. Құжат визаны алу рәсімін жеңілдетуге бағытталған.

“Бұл өте маңызды. Еуропа елдеріне виза алу әлдеқайда оңай болады. Құжаттарға қойылатын талаптар нақты реттеледі. Бұл маңызды мәселе. Сонымен қатар көп мәртелік визаларға қатысты сұрақтар да қарастырылып жатыр. Біз визаны арзандатуға да тырысып жатырмыз. Демек қазақстандықтарды қызықтыратын негізгі параметрлер ескеріліп жатыр”, – деді Бақаев.

Ол аталған келісім Еуропалық одақ тарапынан заңсыз жүрген адамдарды өз еліне кері қайтару туралы келісіммен бірге қарастырылып жатқанын айтты.

“Бұл екі құжат қатар жүреді. Еуропалық тарап оларға бір уақытта қол қоюды жоспарлап отыр. Сәйкесінше, біз де оларды бір мезгілде ратификацияға ұсынуымыз керек”, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, келіссөздер процесін 2026 жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарланып отыр. Одан кейін құжаттарға қол қойылып, ратификация кезеңі басталады.

“Қазақстанда бұл бір ғана кезеңнен өтеді, яғни Парламент ратификациялайды. Ал Еуропалық парламент пен Еуроодаққа мүше барлық елдер өз қорытындыларын беруі тиіс”, – деді вице-министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шенген визасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);