AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар қиын шыңды бағындырды

Қазақстандықтар қиын шыңды бағындырды

Әлеумет 26.03.2024, 05:59 1,036
Қазақстандықтар қиын шыңды бағындырды
Сурет: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Қазақстандық альпинистер мен олардың литвалық әріптесі алғаш рет Аргентинадағы Cerro Torre шыңына шықты, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Экспедиция қатысушысы, қазақстандық Денис Лукянчук редакцияның WhatsApp нөміріне хабарласып, суреттер жіберіп, шыңды қалай бағындырғанын айтып берді. Олар биылғы маусымда Cerro Torre шыңына жеткен үшінші команда атанды. Команда құрамы келесідей болды: экспедиция жетекшісі Омар Әсербеков, команда капитаны Григорий Щукин, оператор Денис Лукянчук және Мариус Грузаускас.



Команданың тауға шығуы бес күнге жалғасты. Олар 60 шақырымдық асулар мен мұздықтарды кесіп өтті. Сонымен қатар альпинистер тобы 1700 метр биіктікке көтеріліп, "Рагни" маршрутын бағындырды. Сапар барысында олар күрделі рельефке тап болды. Экспедиция қатысушысының айтуынша, көптеген техникалық учаске жоғары санатқа, яғни 6-санатқа жатқызылды. Патагонияда олар басқа шыңдарға да көтерілді. Олардың ішінде Mojon Rojo, Aguja Poincenot, Aguja Medialuna бар.


Денис Лукянчук команданың батылдығына таңғалғанын жасырмады. Сонымен қатар ол альпинистер туралы фильм түсіру жоспарда бар екенін атап өтті.



"Біз Қазақстанда альпинизмді насихаттауға тырысамыз. Оның қауіптілігі мен тектілігі туралы қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл әлемге жария еткіміз келеді. Бұл жоба біз үшін өте маңызды және оны болашақта жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Біз Пәкістанға, АҚШ-қа немесе Жаңа Зеландияға жаңа экспедицияға шығу мүмкіндігін талқылап жатырмыз", - деді қазақстандық.



Айта кетейік, Cerro Torre - Аргентина мен Чили шекарасында орналасқан Оңтүстік Патагониядағы ең танымал және адам аяғы жетуі қиын таулардың бірі. Cerro Torre шыңында қатты жел салдары

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шың #алпинист #Аргентина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);