AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар пойыздар қозғалысын енді онлайн ре...

Қазақстандықтар пойыздар қозғалысын енді онлайн режимде бақылай алады

Әлеумет 17.02.2025, 10:58 1,090
Қазақстандықтар пойыздар қозғалысын енді онлайн режимде бақылай алады
Сурет: Rail-news.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға арналған «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» атты жаңа цифрлық сервисті қолданысқа енгізді.

Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Rail-news.kz мәліметінше, аталған қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ситуациялық орталығы аясында әзірленді.

Орталық жолаушылар пойыздарының қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізеді. Пойыздарға орнатылған GPS-трекерлер деректерді автоматты түрде орталыққа жіберіп, пойыздардың орналасқан жерін дәл анықтауға және қозғалыс кестесін жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа сервис жолаушыларға bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді, - делінген мәліметте.

Пойыз қозғалысы туралы ақпарат алу үшін:

  1. https://bilet.railways.kz сайтына кіру қажет.
  2. «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» баннерін басу керек.
  3. Картадан қажетті пойызды таңдау қажет.
  4. Сондай-ақ қызметке https://tablo-railways.kz/ru/ сайты арқылы да кіруге болады.

«Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» жолаушыларға нақты уақыт режимінде пойыздың қозғалысын картадан бақылауға (пойыз қызыл түспен белгіленеді), таңдаған станциядағы келу және жөнелту кестесін тексеруге, қозғалыс кестесіндегі өзгерістерді бақылауға, барлық аялдама станцияларын, олардың күту уақытын және межелі бекетке шамамен келу уақытын көруге мүмкіндік береді, - деп толықтырды компания.

Tablo-railways.kz сайтында пойыз билеттерін онлайн сатып алу, электронды отырғызу талонын алу, орындарды талап-шағым бойынша қайтару, пойыздар кестесін қарау және жүктердің құнын есептеу сияқты қосымша қызметтер қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жолаушылар тасымалы #пойыз қозғалысы #бақылау #онлайн режим
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);