Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар Меккеге үш әуе компаниясы арқылы б...

Қазақстандықтар Меккеге үш әуе компаниясы арқылы бара алады

Әлеумет 11.05.2023, 08:40 1,372
Қазақстандықтар Меккеге үш әуе компаниясы арқылы бара алады
Сурет: Kazislam.kz

Қазақстаннан қажылыққа баратын адамдарды тасымалдайтын әуе компаниялары анықталды.


Қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚМДБ қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында 4000 қажыны тасымалдау үшін ашық конкурс жариялаған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Muftyat.kz-тің мәліметі бойынша, конкурсқа Кувейттің «Jazeera», Біріккен Араб Әмірлігінің «Air Arabia», Түркияның «Turkish Airlines», сондай-ақ Сауд Арабиясының «Flynas» әуе компаниялары қызығушылық білдіріп, тиісті құжаттарын өткізді.


Осы ретте, қажылық орындарын алған 18 қазақстандық туроператор арасынан арнайы комиссия құрылып, аталған әуе компаниялар өкілдерімен тиісті келіссөздер жүргізілді.


Бәсекелестікке түскен «Flynas» әуе компаниясы да келіссөздер нәтижесінде арзан баға ұсынды. Аталмыш комиссия мүшелері 3 әуе компаниясын таңдап алды. Атап айтқанда, тікелей рейстері арқылы қажыларымыздың қасиетті мекенге жылдам жетуі үшін «Flynas» әуе компаниясы таңдалды. Ал, арзан әуе билетін қалаған туроператорлар үшін «Jazeera» әуе компаниясы қызмет көрсететін болды. Әлемнің озық үлгіде қызмет көрсететін әуе компанияларының қатарына кіретін «Turkish Airlines» әуе компаниясы жайлылықты қалаған қажыларымыз үшін таңдалды.


ҚМДБ әуе компаниялары арасындағы конкурс пен биылғы 4000 қазақстандық қажыны тасымалдайтын әуе компанияларының таңдалғандығы жайлы Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және ұмра министрлігі мен Корольдіктің Азаматтық авиация Бас басқармасы тарапына дипломатиялық арналар арқылы ресми хабарланған болатын.


Қазақстан тарапынан «Қажылық-2023» маусымын ұйымдастыру бойынша арнайы іссапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар мен Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Қоспанов Руслан Тобылұлы, ал, Саудия тарапынан Королдіктің Азаматтық авиация Бас басқармасының (GACA) Қажылық және ұмра істері бойынша басқарма басшысы Мазен Ахмад Базһаир мырза қатысқан келіссөздер жүргізілді.


Келіссөз барысында қазақстандық 18 туроператормен қажылыққа аттанатын 4000 отандасымызды ҚМДБ өткізген конкурс негізінде саудиялық «Flynas», кувейттік «Jazeera», түркиялық «Turkish Airlines» әуе компаниялары тасымалдайтыны пысықталды. Қажыларымыз Астана, Алматы, Түркістан және Ақтау қалаларынан ұшаққа отырып, Мекке (Жидда) және Медине қалаларына жеткізілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мекке #Әуе компаниясы #қажылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.