AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа сая...

Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты

Әлеумет 15.12.2024, 17:18 868
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Сурет: tutu.ru

Қазақстандықтар 2024 жылы шетелге жиі саяхат жасап, танымал туристік бағыттарға рекордтық сапарлар жасады.

Осы жылдың деректері Мальдив аралдары, Тайланд, Грузия және Хайнань сияқты елдерге қызығушылықтың күрт артқанын көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«2024 жылдың қаңтар-қазан айларында қазақстандықтар Мальдив аралдарына 22,3 мың рет сапар шекті. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға көп. Бұл – 2009 жылдан бері статистика жүргізілген уақыт ішіндегі ең жоғары нәтиже. Қазақстан туристер саны бойынша жалпы ағының 1,3%-ын құрап, 18-орында тұр», — деп жазылған хабарламада.

 Тайланд та қазақстандықтардың сүйікті бағыттарының бірі болып отыр. Қаңтар-қазан айларында бұл елге 144,3 мың рет сапар жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға көп. Бұл көрсеткіш соңғы 15 жылдағы ең жоғары нәтиже.

«Грузияға 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қазақстандықтар 146,9 мың рет сапар шекті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп және 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш», — деп жазады сарапшылар.

 Хайнань аралы қазақстандық туристер үшін ерекше танымал бағытқа айналды. Қаңтар-қазан айлары аралығында Хайнаньдағы қонақүйлерде қазақстандықтар 35 мың рет тіркелген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1049%-ға артық. Мұндай өсімнің басты себебі – 2023 жылдың күзіне қарай аралмен тікелей әуе қатынасының қайта жандануы. «Қазақстандықтардың Шри-Ланкаға қызығушылығы да артып келеді. Қаңтар-қараша айлары аралығында бұл елге 9,5 мың сапар жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп және соңғы алты жылдағы рекордтық көрсеткіш», — делінген сарапшылар есебінде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяхат #тайланд #Мальдив рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);