Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар Gmail пошталарынан айырылуы мүмкін

Қазақстандықтар Gmail пошталарынан айырылуы мүмкін

Әлеумет 20.11.2023, 11:51 1,251
Қазақстандықтар Gmail пошталарынан айырылуы мүмкін
Сурет: интернеттен

«Электронды қырғынға» тек белсенді емес аккаунттар ілігеді.


Биылғы желтоқсан айынан бастап, Google өз пайдаланушыларының Gmail аккаунттарын, тиісінше пошталарын жаппай жоюға кіріседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Әлемдік нарықтың шамамен 93 пайызына ие Google-дың қадам-қарекеттері сарапшыларды қайран қалдырып отыр. Бұл туралы massaget.kz хабарлады.


Дегенмен, Sauap.org бұдан құтылудың жолын көрсетті. Себебі, "электронды қырғынға" тек белсенді емес аккаунттар ілігеді. Сондықтан Gmail-ды ұзақ уақыт пайдаланбаған адамдар өз аккаунтына кіріп, жазбаларын жаңартса, поштасынан жақын адамына бір-екі сөйлемнен тұратын хат-хабар жіберсе немесе өз аккаунтынан кіріп, YouTube желісінде бейнежазба тамашаласа, жеткілікті.



Қайта қаралған саясатына сәйкес, бұдан былай Google  пайдаланушылардың e-поштада авторизацияланып, хат-хабар жазысуды, Google Drive-ты қолдануды, YouTube желісінде бейнежазбалар қарауды, фотосуреттер алмасуды немесе бағдарламалық қамтылымды, қосымшаларды жүктегенді "белсенділік" деп танитын болады.



Бұл кеңесті Google-дың құлақтандыруы да растайды. Google түсіндіруінше, аккаунттың белсенділігі құрылғының – смартфонның, компьютердің, ноутбуктің немесе басқасының емес, нақты аккаунттың жиі пайдаланылуын талап етеді. Басқаша айтқанда, белсенділігін паш ету үшін пайдаланушы авторизациялануға тиіс.


Бұған қоса, Google-дың бірнеше аккаунты бір құрылғыда қолданылса, онда оның әрқайсысының белсенділігі де жеке-жеке бағаланатын болады.


Әйтпесе, әлемде миллиондаған адам бір мезетте өз аккаунттарын жоғалтып алмақ.


Әлемдік алпауыт соңғы 2 жыл бойы белсенді болмай, құр жатқан миллиондаған Gmail есептік жазбаларын жоятынын мәлімдеді. Бұл шара пошталық сервисті елеулі жаңарту науқаны аясында жасалады. Google адамдардың жұмысына, оқуына қатысты дербес аккаунттарға, сондай-ақ кез келген ұйыммен байланысты аккаунттарға тиіспеуге уәде етті.



Google компаниясы соңғы жылдары жаңа саясатын жүзеге асыратыны туралы өз пайдаланушыларын ескертіп келді. Ол 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, Gmail және Google Drive сервистеріндегі белсенді емес аккаунттарды өшіріп тастауды қарастырады. Олардағы барлық ақпарат қалпына келтіру мүмкіндігінсіз, мәңгілікке жoйылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пошта #гугл #аккаунт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.