AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстандықтар әлем бойынша жаңа көлік сатып алуд...

Қазақстандықтар әлем бойынша жаңа көлік сатып алудан қалыспайды

Экономика 24.07.2023, 06:32 1,282
Қазақстандықтар әлем бойынша жаңа көлік сатып алудан қалыспайды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанда жаңа автокөліктер сатылымының өсімі әлемдік орташа көрсеткіштен 6 есе жоғары.


Finprom.kz порталының  мәліметінше, осы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы әлемдік автоөнеркәсіп іс жүзінде қалпына келгенін сенімді түрде көрсетіп отыр. 2023 жылдың қаңтар-мамырында әлем бойынша 34,8 млн жаңа автокөлік сатылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл 2022 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 10,5 пайызға жоғары. Әлемде әрбір үшінші жаңа көлік Қытайда сатылған – 10,4 млн автокөлік, бір жылда 10,5 пайызға артқан. Одан кейін АҚШ (6,3 млн автокөлік) және Батыс Еуропа (5,4 млн автокөлік) елдері тұр.


Былтырғымен салыстырғанда Жапонияда жаңа көлік сатылымы айтарлықтай өсті: 17,5 пайызға артып, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2 млн болды. Одан кейінгі орында Шығыс Еуропа, оның ішінде Түркия (16,4%) және Батыс Еуропа (16,3%) тұр. Бұл ретте көршілес Ресейде биыл қаңтар-мамырда бар болғаны 225,5 мың жаңа көлік сатылғанын атап өткен жөн. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26 пайызға аз.


Әлем бойынша алғанда Қазақстанда ахуал жақсырақ. Биыл қаңтар-мамырда сатылым 66,3 мың жаңа автокөлікке жетті. Көрсеткіш 2022 жылдың қаңтар–мамыр айларымен салыстырғанда бірден 65,8 пайызға көтерілді. Сонымен қатар екінші ай қатарынан бір айдағы рекордтық көрсеткіш тіркеліп отыр. Биыл мамырда 14,7 мың жаңа көлік сатылды. Бұл қазақстандықтардың автосалондардағы кезекпен қоштасқанын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жаңа көлік #сатып алу #көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);