ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстандықтар 37 мың тоннадан астам қоқыс жинады

Қазақстандықтар 37 мың тоннадан астам қоқыс жинады

Өмір-өзен 08.06.2021, 10:48 2,165
Қазақстандықтар 37 мың тоннадан астам қоқыс жинады
Сурет: Gov.kz
Тазалау жұмыстары «Бірге - таза Қазақстан» акциясы барысында жүргізілді.

Тазалау жұмыстары «Бірге - таза Қазақстан» акциясы барысында жүргізілді.


Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Бірге - таза Қазақстан» атты шараға 150 мыңнан астам адам қатысып, 40 мың тоннаға жуық қоқыс жинаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Экология, геология және  табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 



«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің бүкіл облысының 150 мыңнан астам тұрғындары қатысты. Олардың арасында көптеген ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, қоғамның өкілдері, сондай-ақ 25 мыңнан жоғары экобелсенділер мен волонтерлер бар. Бірлескен күш-жігермен республиканың 492 локациясы бойынша 37 мың тоннадан астам қоқыс жиналды», – делінген министрлік хабарламасында. 



Елордада акция өткізуге арналған бірнеше алаң анықталды. Ең негізгілерінің бірі Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды. Нұр-Сұлтан қаласының бес мыңға жуық тұрғыны қоқыс тазалауға шығып, 540 тонна қоқысты өңдеуге жинады.


«Бірге - таза Қазақстан» акциясы алғаш рет 2019 жылы бастау алды. Акцияның барлық кезеңі ішінде оған еліміздің 650 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Тек үш жылдың ішінде 400 мың тоннадан астам қалдық жиналып, кәдеге жаратуға берілді. Сонымен қатар іс-шара аясында екі миллион ағаш отырғызылды.


Экологтардың кәсіби мерекесі жаздың алғашқы күндерінде тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де тойлануы символикалық мәнге ие. Осыған байланысты биыл алғаш рет Нұр-Сұлтан мен Орынбор арасында телекөпір өткізілді. Бірлескен диалогта осындай іс-шаралардың жаҺандылығы мен қажеттілігі туралы пікір алмасты. Көрші мемлекет біздің ортақ су қоймамыз болып табылатын Жайық өзенінің жағасын тазалау бойынша жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Умаров Ресей Федерациясындағы барлық қатысушылар мен әріптестеріне планета экологиясының жай-күйін бірлесіп реттеудегі түсініспеншіліктері пен ашықтығы үшін алғысын білдірді.


Бұндай қарым-қатынас болашақта жақсы дәстүрге айналуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Өйткені, осы секілді акцияларды өткізудің басты және жалпы мақсаты жастарды экологиялық мәдениетке және қоршаған ортаға ұқыпты қараудағы көзқарастарын тәрбиелеу болып табылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.