ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Нарық / Қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттары экспортқа шы...

Қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттары экспортқа шығарылады

Нарық 15.07.2022, 13:47 1,474
Қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттары экспортқа шығарылады
Сурет: Дереккөз
Өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды

Өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды


«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Сербияның «YUGOIMPORT-SDPR» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімге орай отандық ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары аталған мемлекеттің нарығына шығарылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Сондай-ақ Келісім елдер арасындағы әскери техникалық құралдарды бірлесе өндіру бойынша бірқатар уағдаластықтарды қамтиды. Оның ішінде заманауи әскери қару-жарақ түрлерін шығару, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ең жаңа әлемдік стандарттар мен практикаларды енгізу көзделген.
Басқосуға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ұлттық және шетелдік компания өкілдері, сондай-ақ жауапты ұйым басшылары қатысты.



«Қазақстандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуы бізге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныстың болуы – қазақстандық өнімнің шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алатындығының айқын көрсеткіші деп санаймын. Алдағы уақытта осы тараптағы әріптестігімізді арттыра түсетін боламыз», – деп атап өтті ҚР ИИДМ басшысы.



«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановтың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесіп өндірмек.



«Біздің компания үшін бұл дамудың маңызды кезеңі. Шетелдік нарықтарға шығу – бұл бізге өзімізді танытуға, өндірісті кеңейтуге, басқа елдердің сатып алу әлеуетін пайдалануға және саланы дамытуға мүмкіндік береді», – деді Т. Әбдірахманов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.