AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық түлектерге биыл ҰБТ-ны екі рет тапсыр...

Қазақстандық түлектерге биыл ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі

Әлеумет 01.04.2022, 10:55 1,497
Қазақстандық түлектерге биыл ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі
Сурет: Edu.org.kz

Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендетеді.


Үстіміздегі жылғы мектеп түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы оларға арнайы хат жазған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Министр әлеуметтік желілерде жыл сайынғы дәстүр бойынша түлектерге хат жазғанын жеткізді. Бұл құжатта министр түлектерге сәттілік тілеп, оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша қандай шаралар қабылданғанын жазған.  



«Жақсы жаңалық та бар. Instagram-да мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол», - деп жазды министр Facebook парақшасында. 



Сонымен қатар ол түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан сүрінбей өтулеріне тілектес екенін жеткізді.



«Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!» - деді Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#емтихан #ЕНТ #ҰБТ #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);