AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық теннисшілер Президент кубогының екінш...

Қазақстандық теннисшілер Президент кубогының екінші айналымына шықты

Спорт 19.07.2022, 15:38 1,500
Қазақстандық теннисшілер Президент кубогының екінші айналымына шықты
Сурет: Дереккөз

ATP Challenger және ITF World Tennis Tour жарыстары өтіп жатыр


Елордада Президент кубогы аясында ерлер мен әйелдер арасында ATP Challenger және ITF World Tennis Tour жарыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Дмитрий Попко алғашқы айналымда нидерландылық Рубин Стэтхэмді 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Д.Попконың келесі қарсыласы - түркиялық Янки Эрель. Монаколық Лукас Катаринаны 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңген Михаил Кукушкин екінші айналымда бразилиялық Габриэль Декампспен кездеседі. Бейбіт Жукаев жапониялық Шинтаро Имаидан басым түсті - 7:6 (7:3), 6:1. Енді ол Израиль өкілі Даниэль Цукерманмен шеберлік байқасады. Денис Евсеев үш сетке созылған кездесуде ресейлік Алибек Качмазовты жолдан тайдырды - 6:3, 3:6, 6:4. Д.Евсеев ширек финалға шығу үшін тағы бір ресейлік Евгений Карловскиймен таласады. Тимофей Скатов, Достанбек Ташболатов және Григорий Ломакин жекелей сында екінші айналымға шыға алмады. Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова отандасы Асылжан Арыстанбековадан шеберлігінің басым екендігін көрсетті - 6:3, 6:4. Енді ол ресейлік Анастасия Золотареваны сынап көреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #жарыс #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);