AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Үлкен дулы...

Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Үлкен дулығаның» үш дүркін чемпионын ұтты

Спорт 12.04.2022, 08:16 1,671
Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Үлкен дулығаның» үш дүркін чемпионын ұтты
Сурет: Prosports.kz

Шешуші партияны қазақстандық спортшы брейкпен тәмамдады – 6:2.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карло ATP Masters 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, қазіргі кезде рейтингте 236-орында тұрған «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, швейцариялық Стэн Вавринкамен кездесті. Жарақатына байланысты көптен бері ойнамаған 37 жастағы швейцариялық спортшының бұл соңғы 12 айдағы екінші ойыны еді. Бірінші партияны Александр брейкпен бастағанымен, Вавринка күш алып кетті – 6:3. Есесіне екінші сетте Бублик есе қайырды – 7:5. Шешуші, үшінші, партияны қазақстандық спортшы брейкпен тәмамдады – 6:2.

Бублик жалпы жүлде қоры 5,8 млн еуроға бағаланған мастерс жарысының үшінші айналымына шығу үшін әлемнің 19-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Буста немесе рейтингте 66-сатыдағы аргентиналық Себастьян Баестің біреуімен таласады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #турнир #Қазақстан #Бублик
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);