AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық студенттер электр үнемдейтін көлік құ...

Қазақстандық студенттер электр үнемдейтін көлік құрастырды

Білім және ғылым 15.07.2023, 06:17 1,792
Қазақстандық студенттер электр үнемдейтін көлік құрастырды
Сурет: Inform.kz

Қазақстанның студенттік автомобиль жасаушы инженерлер командасы Индонезияда беделді марапатқа ие болды.


Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Біздің студенттік «SU Racing Team» командасы Shell Eco Marathon Asia-Pacific and the Middle East 2023 халықаралық студенттік инженерлік командалар біріншілігінде жоғары мәртебеге ие болды. Энергия үнемдейтін көліктер жарысына қатысуға тек университет студенттері әзірлеп, құрастырған және өздері басқаратын көліктерге ғана рұқсат етіледі»,-дейді SU Racing Тeam» командасының капитаны Әлібек Ибраим.


Оның сөзінше, жарысқа Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Таяу Шығыс елдерінен 80-нен астам университет командасы қатысты. Қазақстандық студенттер 1 кВт/сағ электр батареялы энергиямен 261,1 км жол жүрген модульдік бөлшектелетін автокөлік құрастырды.


«SU Racing Team» командасының Қытай, Филиппин, Индонезиядан келген командаларға тежеу механизмін орнату, реттеу және техникалық тексеруден өтуге көмектесуінің нәтижесінде «SU Racing Team» командасы Spirit of Shell Eco-marathon Award Winner жүлдесімен марапатталды – бұл жарысқа қатысқан командалардың бір-біріне өзара көмек көрсеткені үшін берілетін награда. Қазақстаннан барған студенттердің арқасында жоғарыда аталған елдердің командалары техникалық байқаудан өтіп, жарысқа қатысуды жалғастыра алды, сөйтіп жарыс жолына шықты.


– Соңғы үш күн үміт пен үрейге толы болды, әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты командалар жиналды, олар – технологияны әзірлеу, сатып алу және пайдалану үшін «космостық» қаржы жұмсаған ең күшті командалар. Аз ғана уақыт ішінде біз нағыз сенімді машина құрастыра алғанымызға және әділ қазылар көптеген қатысушылар арасынан біздің команданың жұмысына жоғары баға бергеніне мен өте қуаныштымын», – деді «SU Racing Тeam» командасының капитаны Әлібек Ибраим.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#студенттер #Марапат #Өнертабыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);