ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық студенттер Аmazon компаниясында жұмыс...

Қазақстандық студенттер Аmazon компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды

Білім және ғылым 09.03.2023, 18:40 1,207
Қазақстандық студенттер Аmazon компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды
Сурет: Ашық дереккөз
Екі жақты келісім аясында Қазақстанда College Contributor initiative пилоттық бағдарламасы іске қосылды

Екі жақты келісім аясында Қазақстанда College Contributor initiative пилоттық бағдарламасы іске қосылды


Қазақстандық студенттер Amazon корпорациясының ауқымды халықаралық жобасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. OpenSearch Amazon жобасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


2022 жылдың соңында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасында Жоғары білім беру саласындағы перспективалық ынтымақтастық, студенттердің оқу процесінде инновацияларды енгізу және мансабын бастау үшін қажетті дағдыларды игеру мүмкіндіктерін кеңейту туралы Меморандумға қол қойылған болатын. 


Екі жақты келісім аясында Қазақстанда College Contributor initiative пилоттық бағдарламасы іске қосылды. Енді еліміздің ЖОО студенттері Amazon компаниясының халықаралық аудиториясы арасында бірінші болып OpenSearch Amazon ашық бастапқы коды бар жобамен жұмыс істеуге қатысады.


Еліміздегі техникалық университеттерде оқитын 100-ден астам үздік студент Amazon корпорациясының алдыңғы қатарлы жобасына тікелей қатысуға мүмкіндік алады. Ақпараттық технологиялар мамандығында білім алатын қазақстандық студенттер үш ай бойы Amazon компаниясы мамандарының жетекшілігімен OpenSearch бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, деректер репозиторийлерінің кең бағыты бойынша бастапқы кодқа өзгерістер мен жақсартулар енгізеді.


Бағдарлама студенттердің өз портфолиосына халықаралық жобаларда жұмыс істеу бойынша трек рекордын (басқару нәтижелерін) жасауға, Amazon компаниясының мамандарымен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді.


OpenSearch жобасы аясында студенттерге өз жұмыстарына толық талдау түріндегі есеп беріледі. Сондай-ақ, корпорация тәлімгерлерінен ұсынымдар мен пікірлер тыңдап, болашақта Amazon компаниясында тағылымдамадан өтуге, тіпті жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.


Бұдан бөлек, Amazon компаниясы OpenSearch Amazon пилоттық жобасын Қазақстанда іске асыру арқылы басқа елдерден студенттер тартып, өрісін кеңейтуге ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.