ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық сарапшылар оқу жылын ұзартуды ұсынды

Қазақстандық сарапшылар оқу жылын ұзартуды ұсынды

Әлеумет 30.06.2022, 11:13 1,133
Қазақстандық сарапшылар оқу жылын ұзартуды ұсынды
Сурет: Atameken.kz
Оқу жылы тамызда басталса, маусымда аяқталады.

Оқу жылы тамызда басталса, маусымда аяқталады.


Сарапшылар мен кейбір мектептердің өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл мәселе 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы баспасөз қызметі хабарлағандай, оқу жылын ұзартуды ұсынып отырған педагогтер қосымша оқу апталары білім алушылардың күнделікті оқу жүктемесін азайтуға көмектесетінін алға тартады. Сонымен қатар оқу жылын ұзарту «күрделі» тақырыптарды аз уақытта игерту мәселесін шешеді. Сондай-ақ жазғы демалыстың ұзақтығын қысқарту білім алушылардың алған білімін жоғалтпауына септігін тигізеді.



«Біздің ел оқу жылындағы апта саны ең қысқа мемлекеттердің бірі – 34 оқу аптасы. Соның нәтижесінде республикамыздың білім алушылары жылына 130 күннен астам демалады, бұл әлемдегі ең ұзақ демалыс десек болады. Салыстыратын болсақ: мысалы, Израильде демалыстың ұзақтығы – 84 күн, Оңтүстік Кореяда – 90 күн, Жапонияда – 102 күн. Зерттеулердің нәтижесі, балалар ұзақ үзілістен кейін игерген материалдың 25%-ын ұмытатынын көрсетіп отыр. Сондықтан біз қазақстандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынамыз, Яғни, оқу жылын 15 тамызда бастап, 5 маусымда аяқтауды ұсынамыз. Немесе қыркүйек айында әдеттегідей басталса, онда 20 маусымға дейін ұзарту керек», – деді «BINOM SCHOOL» мектебінің басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова.



«Әділет» республикалық орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова да өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мерзімдерді атап өтті.



«20-25 тамыздан бастап балалар шығуы керек, шын мәнінде екі апта бойы балалар оқу процесіне толығымен кірісіп кете алмайды деп санаймыз. 20-25 тамыздан 5 маусымға дейін кем дегенде ұзартылуы керек», - деді Динара Құдайқұлова.



Сарапшылар оқу жылының ұзақтығын арттыру сыныптардағы жүктемені 1-2 сағатқа қысқартуға, кабинет тапшылығын оңтайландыруға, білім алушылардың қосымша білім алуына және педагогтердің өздерін кәсіби дамытуына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретініне сенімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.