конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстандық полицейлердің адалдығы тексеріледі

Қазақстандық полицейлердің адалдығы тексеріледі

Саясат 08.01.2023, 05:12 1,629
Қазақстандық полицейлердің адалдығы тексеріледі
сурет:polisia.kz

Алматы қаласында патрульдік полициясының жеке құрамы нұсқаулықтан өтті.


Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша оның орынбасарлары Алматы және Астана қалаларының патрульдік полициясының жеке құрамына нұсқаулық өткізді, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Марат Қожаев пен Игорь Лепеха еліміздің екі қаласында қоғамдық тәртіпті және халықтың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің дайындығын тексерді. Олар қоғамның сұраныстарына ден қойып, қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге, сондай-ақ, көркем мінез бен этикалық нормаларды сақтауға бағытталған полицияның сервистік моделі аясындағы жұмысты еске салды. Сондай-ақ полицейлердің заңдылық пен тәртіпті сақтауына баса назар аударылды.


ІІМ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтап жатыр (Integrity Сһеск). 


Пилоттық жобаны патрульдік полицияда сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Себебі дәл осы қызметтің қызметкерлері күн сайын халықпен өзара іс-қимыл жасайды. Тексеруді әр түрлі жағдайларды модельдеу арқылы өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері жүргізетін болады.


Негізгі мақсат - құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);