AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық...

Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионатта рекорд орнатты

Білім және ғылым 29.03.2024, 03:50 989
Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионатта рекорд орнатты
Сурет: Gov.kz

Сингапурда өткен First Lego League Challenge робототехникадан халықаралық чемпионат аяқталды. Оған Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша, Индонезия және Қытайдан 100-ден астам оқушы қатысты.


Аталған додада қазақстандық оқушылар әлемнің жас инженерлерімен бәсекеге түсті. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар ең жоғары марапаттарға ие болып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 



«Роботтар ойынында тапқырлық танытып қана қоймай, команданың ұйымшылдығын, негізгі құндылықтарын таныту керек болды. Біз инновациялық жобамызды көрсеттік. Бұл керемет тәжірибе болды, еліміздің бізге үміт артып отырғанын білгендіктен, жеңіс үшін бар күш-жігерімізді салдық. Нәтижесінде әлемнің озық елдерінің арасынан суырылып шығып, рекорд орнаттық», - дейді қуанышымен бөліскен оқушылар.


Еліміздің намысын «Ro alemi» командасының құрамында Семей қаласының Білім-инновация және №22 орта мектебінің оқушылары Арыстан Ибрагим, Жанарыс Ардахов, Дархан Мамадилов, Айдмұхамед Табараков, Әділжан Қабыкенов, Азат Сапаралы және Жәнібек Әбдікәрімов қорғады. Олар чемпионатта ықтимал 550 ұпайдан 540 ұпай жинап, рекорд орнатты және «Robot Design» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, барлық төрт бағыт бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Champions Award» бас номинациясында бас жүлдені қанжығалады.


Сондай-ақ қазақстандық Tamos Éducation мектебінің «QSTEM-TAMOS Stars» командасының құрамында өнер көрсеткен Мадияр Намазалы, Нұрәлі Сатыбалды, Рашид Ахмеджанов және Аңсар Баязеров чемпионаттың барлық төрт бағыты бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп «Champions Award» номинациясында I орын алды.


Атырау қаласының Білім-инновация лицейінің оқушылары «Pioneers» командасының құрамында Мәлік Ислам, Нұрислам Берікұлы, Бекасыл Нұрымжан, Ерасыл Нұрымжан, Алмаз Абзал, Алмас Ерланұлы, Алдияр Шамар және Әлішер Данилов өнер көрсетті. Олар инновациялық жобаны табысты жүзеге асырғаны үшін «Innovation Project» номинациясының финалистері атанды.


Еске сала кетейік, оқушылар халықаралық чемпионатқа жолдаманы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Дарын РҒПО және USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында жеңіп алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Роботетехника #халықаралық чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);