ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық оқушылар дрон-футболдан әлем чемпиона...

Қазақстандық оқушылар дрон-футболдан әлем чемпионатына қатысады

Спорт 18.09.2025, 17:27 403
Қазақстандық оқушылар дрон-футболдан әлем чемпионатына қатысады
Cурет: fgoskomplekt.ru
Дрон-футбол - халықаралық спорт түрі. 5 адамнан тұратын 2 команда матчты тормен жабылған стадионда ойнайды.  Технологияның түрленуімен кең танымалдыққа ие болып келе жатқан чемпионатта Қазақстан...

Дрон-футбол - халықаралық спорт түрі. 5 адамнан тұратын 2 команда матчты тормен жабылған стадионда ойнайды.

 Технологияның түрленуімен кең танымалдыққа ие болып келе жатқан чемпионатта Қазақстан құрамасы алғаш рет бақ сынайды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Чемпионат дрон-спорт астанасы саналатын Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында 25 - 28 қыркүйек күндері өтеді.

Чемпионаттағы әр команданың міндеті қарсыластың қақпасына (ауада ілулі тұрған сақина) мүмкіндігінше көп гол соғу. Ойынға арналған дрондар соқтығысудан қорғау үшін арнайы экзоскелетпен жабдықталған.Матч 3 раундтан тұрады. Дрондар соқтығысады, күрт манёвр жасайды, қорғанады және шабуылдайды. Ал қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмайды: дрон тек арена ішінде ұшады, төрешілердің қадағалауымен және ережелерді қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Қазақстан атынан №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №8 мектеп-лицейі, Skillset жеке меншік мектебінің құрамалары қатысады.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда дрон-футбол небәрі бірнеше жылдың ішінде мектептік бастамадан ауқымды қозғалысқа айналған. Бұл елде 1000-нан астам мектеп және университет командалары жасақталған, ал FIDA Федерациясы 35-тен астам елді біріктіреді. Чонджудағы әлем чемпионатына ондаған ұлттық құрама мен жүздеген спортшы тіркелген.

Жерлестеріміз елге оралған соң Астанада өтетін Digital Bridge 2025 көрмесінің құрметті қонағы болады: халықаралық қонақтарға шеберлік сабақтарын өткізіп, дрон-футболдан көрсетілімдік матчтарға қатысады.

Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, бұл жарыс 2025–2026 маусымын ашып, тұрақты мектептердегі жаттығулар мен қалалық лигалардың бастамасы болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.