ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар әлемнің ең беделді ғылыми жо...

Қазақстандық оқушылар әлемнің ең беделді ғылыми жобалар байқауында топ жарды

Білім және ғылым 24.05.2023, 09:33 1,464
Қазақстандық оқушылар әлемнің ең беделді ғылыми жобалар байқауында топ жарды
Сурет: Almaty.tv
«Regeneron ISEF-2023» дүниежүзілік ғылыми-инженерлік конкурсының финалы 2023 жылдың 14-19 мамыры аралығында Техас штатының Даллас қаласында (АҚШ) өтті.

«Regeneron ISEF-2023» дүниежүзілік ғылыми-инженерлік конкурсының финалы 2023 жылдың 14-19 мамыры аралығында Техас штатының Даллас қаласында (АҚШ) өтті.


Конкурс мектеп оқушыларының ғылыми ізденіске деген қызығушылығын оятып, инженерлік ғылым саласын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға арналған.


Осы жылы байқауға дүниежүзінің 64 елінен 1600-ден астам жас ізденушілер қатысты.


Олар өз елдерінде өткен жергілікті жарыстар нәтижесінде іріктелді.


Ел намысын қорғаған үш жас ғалымдар: Сағын Жұмаділдаев – Алматы қаласы НЗМ 11-сынып оқушысы (математика), Асылхан Қали – Көкшетау қаласы НЗМ 11-сынып оқушысы (информатика), Алдияр Сүлеймбеков – Астана қаласы № 60 МЛ 10-сынып оқушысы (химия). 


Үздік жеңімпаздар екі марапаттау рәсімінде анықталды және 75 000 АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлдені жариялауды қамтыды. Ол Сан-Хосе қаласынан (АҚШ, Калифорния шт.) келген 17 жастағы Кэйтлин Вангқа берілді. Жалпы алғанда, инновация мен зерттеу тереңдігі негізінде бағаланған жұмыстарға шамамен 9 миллион доллар берілді.


Қазақстан құрамасының мүшесі Сағын Жұмаділдаевтың «L-tromino tilings for portions of square lattice» жобасы екінші орынмен және Mu Alpha Theta академиясының 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйлығымен марапатталды.


Сыйлық жоғары сынып оқушыларының математика саласында ең күрделі, жан-жақты және шығармашылықпен зерттелген жобалары үшін беріледі. Зерттеу тармақтарына көбінесе математикалық дәлелдеу мен модельдеу, статистикалық талдау, визуализация кіреді.



«Қазақстан құрамасы Көрмеге 2000 жылдан бері толыққанды мүше болып табылады. Бұл жылы талдықорғандық оқушы Данияр Каменов математикадан беделді екінші орынды жеңіп алған еді.


Сондай-ақ, 2012 жылғы байқауда қарағандылық мектеп оқушысы Әсия Құсайынованың жұлдызы жанды. Қазақстандық оқушының ғылыми жобасы желде жұмыс істей алатын ықшам көп қалақты жел турбинасын жасағаны үшін бірінші орын мен «Инженерлік жұмыстар арасында номинация бойынша үздік» атағына ие болды», - дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.



Айта кетсек, «Regeneron ISEF-2023» дүниежүзілік ғылыми-инженерлік конкурсы 1950 жылдан бастап АҚШ-та жыл сайын өткізіліп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.