AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық немістер қазақ жерін қимастықпен еске...

Қазақстандық немістер қазақ жерін қимастықпен еске алады

Әлеумет 23.08.2023, 03:41 1,307
Қазақстандық немістер қазақ жерін қимастықпен еске алады
Сурет: видеодан алынды

 Әр елдің сыртқы қарым-қатынасында алдымен экономикалық сала басым тұратыны белгілі.


Ал Қазақстан мен Германия арасындағы байланыс адами капиталмен құнды. Бүгінде бұл елде жарты миллионға жуық қазақстандық неміс өмір сүреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Тарихи отанына қоныс аударғанына қарамастан, бәрі әлі күнге дейін қазақ жерін сағынатындарын жасырмайды. Алексей Шрайнер Қазақстанда туып өскен. Жастайынан атқа жайдақ мініп, асықтай ширақ боп ержетеді. Бірақ 1999 жылы оның отбасы тарихи отанына оралуға бел буады. Содан бері қанша уақыт өтсе де, кіндік қаны тамған Қазақстан бір сәтке есінен кетпеген. Балалық шағы өткен Көкшетауды қатты сағынғанын айтады.



  - Мен 21 жасыма дейін Қазақстанда өмір сүрдім. Көкшетауда білім алдым. Әлі күнге дейін кең даланың иісі есімнен кетпейді. Арада қанша уақыт өтсе де, көз алдыма алғашқы үйіміз елестейді. Тіпті түсіме де кіреді. Бала кезде әке-шешем Қарқаралыға жиі жіберетін. Сол кезде көкем алғаш рет атқа мінгізген еді, - дейді Ars Pro Dono галереясының негізін құрушы Алексей Шрайнер.



  Бүгінде Алексей табысты кәсіпкер. Галереяның иесі. Осыдан 20 жыл бұрын жиған-тергенінің бәрін соған жұмсап, енді жемісін көріп отыр. Мұнда Грузия, Украина, Польша мен Қазақстаннан шыққан қылқалам шеберлерінің туындылары ұсынылған. Алексейдің айтуынша, осылайша ол Берлин халқын қазақ өнерімен таныстыруға тырысады.



Алексей Шрайнер, Ars Pro Dono галереясының негізін құрушы: - Берлин миллиондаған тұрғыны бар ірі мегаполис қой. Сәйкесінше біздің галереяға келушілер саны да көп. Бәрі қазақ суретшілерінің шығармаларын көріп тамсанады.



Жылдар өтсе де, Германиядағы қазақстандық немістер әлі күнге дейін біздің дәстүрді берік ұстанады. Тағамдарымызды әзірлеп, тілімізді құрметтейді.



Наталья Шрайнер, Алексейдің жары: - Сүйікті тағамымыз манты мен палау. Немелеріміз де, балаларымызда өте жақсы көреді. Оны қалай әзірлеу керегін кезінде жұбайымның өзі үйреткен болатын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бауырмалдық #неміс #қимастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);