AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық мектептерде Буллингке қарсы бағдарлам...

Қазақстандық мектептерде Буллингке қарсы бағдарламаның апробациясы қалай өтуде?

Әлеумет 14.11.2024, 15:24 991
Қазақстандық мектептерде Буллингке қарсы бағдарламаның апробациясы қалай өтуде?
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Биылғы оқу жылының басынан бастап еліміздің тоғыз өңірінде оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы орта құруға бағытталған «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасын апробациялау жүргізілуде.

Аталған бағдарламамен 70 мыңға жуық оқушы, 5 мыңнан астам педагог және білім беру ұйымдарының қызметкерлері қамтылды. Сондай-ақ барлық мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін бағдарламаны сәтті енгізу мақсатында нұсқаулық-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды.

Жобаға қатысушыларға арналған балалар арасындағы қақтығыстардың алдын алу және себептерін анықтау бойынша тренингтер мен практикалық іс-шаралар өтті. Ал ата-аналарға «ДосболLIKE» бағдарламасының мақсаттары мен әдістерін түсіндіретін арнайы іс-шаралар қарастырылған.

«ДосболLIKE» бағдарламасы мектептерде әр бала өзін қауіпсіз сезінетін қолайлы орта құруға бағытталған бағдарлама. Ол оқушылар арасында өзара сыйластық пен бір-біріне жәрдемдесу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Пилоттық жобаның жетістіктері оның бүкіл ел бойынша таратылуына негіз болады деп күтілуде», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Бағдарлама мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетуді қамтиды, бұл мектепте достық ахуал қалыптастыруға, жалпы климатты жақсартуға және буллинг деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өркен» балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты жақында «ДосболLIKE» бағдарламасының визуалды стилін жасау бойынша байқау өткізді. Оған түрлі номинациялар бойынша 80 жоба ұсынылды. Үздік жоба авторлары жүлделі орындарды иеленді.

Пилоттық бағдарлама 50 мектепте жүзеге асырылуда, олардың арасында Абай, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Астана және Алматы қалалары бар. Бағдарламаның тиімділігін бағалау және оны Қазақстанның білім беру ұйымдарында одан әрі таратуға дайындалу мақсатында апробация оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«ДосболLIKE» #буллинг #апробация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);