ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық маман қазақша дауыстық хабарламаны мә...

Қазақстандық маман қазақша дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыратын жүйе ойлап тапты

Әлеумет 21.04.2022, 03:49 1,084
Қазақстандық маман қазақша дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыратын жүйе ойлап тапты
Сурет: Gov.kz
Жаңа зияткерлік жүйе жақын арада нарыққа шығады.

Жаңа зияткерлік жүйе жақын арада нарыққа шығады.


Қазақстандық ғалым дауыстық хабарламаларды мәтінге ауыстыратын қазақ тілінде сөйлеуді тану жүйесін ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жаңа жүйені Өркен Мамырбаев ойлап тапты. Ол - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғылыми қызметкері.



«Kazak ASR» зияткерлік жүйесі Telegram әлеуметтік желісінде чат-бот ретінде қазірдің өзінде жұмыс істейді. Жоба сонымен қатар танымал нидерландтық Philips компаниясының өнімдеріне біріктіріліп, жақын арада нарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Әзірлеме Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруының арқасында әзірленді», - делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Айта кетейік, Өркен Мамырбаев өзінің ғылыми қызметін мемлекеттік тілді дамытуға арнады. Қазір ол жасанды интеллект пен есептеуіш лингвистикаға қатысты жобалармен айналысып жүр.



 «Kazak ASR» дауыстық сигналдарды танып қана қоймай, сондай-ақ оларды мәтінге айналдырады. Әзірленген жүйе Telegram-да чат-бот ретінде жұмыс істейді. Жүйені тексеру үшін дауыстық хабарлама түймесін басып тұру керек. Жазу аяқталғаннан кейін бот сіздің дауыстық сигналдарыңызды мәтінге айналдырады. Сонымен қатар командаммен бірге жиналыс немесе кездесу кезінде қосуға болатын дыбыс жазу құрылғысын әзірледік. Жиналыс аяқталғаннан кейін құрылғы қазақ тілінде хаттама дайындайды», - деп айтты Мамырбаев.



Қазіргі уақытта Philips өнімдеріне қазақ тілінде сөйлеуді тану технологиясын енгізу бойынша құжат әзірленіп жатыр. Ынтымақтастық аясында қазақстандық нарыққа сөйлеуді тану мүмкіндігі бар Philips Smart Mike Duo микрофоны ұсынылады, ол сөзді автоматты түрде баспа мәтініне түрлендіреді.  Құрылғы бір уақытта естілетін екі түрлі дауысты тани алады және автоматты түрде мәтінді екі түрлі арнаға түсіреді.



«Philips компаниясы серіктестік пен өнімді одан әрі жетілдіруді ұсынды.  Егер алгоритм туралы кезең-кезеңімен айтатын болсақ, алдымен бағдарлама компьютерге жүктеледі. Содан кейін микрофонды қосамыз. Сөйтіп, сөйлей бастаймыз. Құрылғы екі түрлі дауысты автоматты түрде таниды және екі бөлікте қазақ тіліндегі мәтінін көрсетеді. Мұндай микрофон ақпаратты мәтін түрінде сақтау қажет болуы мүмкін жиналыстар кезінде хаттамалар толтыру үшін пайдалы», - деп толықтырды ғалым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.