AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматыда...

Қазақстандық кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматыда тұрады

Әлеумет 06.12.2022, 11:56 1,545
Қазақстандық кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматыда тұрады
Сурет: Krd.ru

Алматыда 184 мыңнан астам адам кәсібін дөңгелетіп отыр.


Биыл Қазақстанда жекеменшік кәсіпкер ретінде тіркелгендер саны 26 пайызға артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Жұмыс істеп тұрғандардың басым бөлігі Алматыда орналасқан. Қазір мегаполисте 184 мыңнан астам адам кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шамамен 60 пайыз көп. Үздік үштікке Түркістан облысы және Астана қаласы енді.


Кәсіпкерлікті қолдау аясында жұмыс ауқымы кеңейді. Алматының индустриалды аймағында осыдан 1 жыл бұрын ашылған ішкі есіктер шығаратын цех қазір тауарларын Қазақстанның 16 өңіріне сатады. Кәсіпорында 120 адам екі қолға бір күрек тапқан. Елімізде жасалған есіктер сапалы әрі бағасы нарықтан 40 пайыз төмен. Кәсіп иесі Азат Қалиоллаұлы миллиардтаған қаржыны сыртқа құйғанша, отандық кәсіпті қолдау анағұрлым ұтымды екенін айтады. Сондықтан жас кәсіпкерлерді өзіміздің өнімімізді көбейтуге шақырды. 


Бүгінде «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында 23 миллиардтан астам қаржыға 404 жоба қаржыландырылған. 3045 жұмыс орны ашылды. Ал фабриканың дамуына зор мүмкіндік берген – Алматы қаласының әкімдігі. Кәсіпкерлікті қолдайтын басқарма оларға 5 жыл бойы бағасы өзгеріссіз қалатындай етіп, жерді жалға берген. Ал Алматы финанс мекемесі жеңілдетілген несиемен қамтасыз еткен.



«Қаланың ішінде тұрып, бізге осындай мүмкіндік беріп жатқан мемлекет. Мұнда электр жарығы да өткізлген. Барлық жағдай жасалған. Almaty Finance деген әкімшілікке қатысты ұйым бар, арнайы бағдарламалары бар. Жоспары бар, өндіріс ашам деген балаларға мүмкіндік бар», – деді Ішкі есіктер фабрикасының директоры Азат Қалиоллаұлы. 



Қазір Қазақстанда жасалған өнімге тапсырыс ұлғайған. Мәселен, Алматыда салынып жатқан білім ордаларына осы компанияның есіктері орнатылыпты. Кәсіпкердің сөзінше, егер тауар сырттан алынса, айтарлықтай қымбатқа түсетін еді. Фабрика айына тапсырысқа қарай 10-15 мың есік шығарады. Ал жылына 120 мыңнан астам тауар өндіреді. Болашақта кәсіпорынды кеңейту де жоспарда бар екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бизнес #Кәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);