AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 4 алты...

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 4 алтын алды

Спорт 25.05.2025, 16:03 633 dulatbekova
Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 4 алтын алды
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәлімедеуінше, алдымен Жоламан Биғабыл кумите бағдарламасында 55 келіге дейінгі салмақта финалда жарыс қожайыны Собитхон Қосимовты тізе бүктірді.

Ересектер арасында алғаш рет құрлықтық додаға қатысып жатқан Дайяна Даренская 68 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде жапон спортшысы Кама Цубасаны жеңді. 

Бұдан кейін татамиге шыққан әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) ирандық қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Осылайша, Нұрқанат Азия біріншілігінде қатарынан үш рет жеңімпаз атанды. Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) финалда тағы бір жапон каратэшісі Сумире Сугитаны жеңді.

Енді Қазақстан әйелдер командасы ақтық сында алтын үшін таласады.

Ерлер құрамасы қола жүлде үшін бәсекеде Сауд Арабиясы өкілдерін 3:2 есебімен жеңді. Ел намысын Дидар Әмірәлі, Нұрқанат Әжіқанов, Әбілмансұр Батырғали, Шыңғыс Тайлиев, Никита Тарнакин, Данияр Юлдашев, Ғалым Асылхан және Диас Анарбеков қорғады. Сондай-ақ әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай тағы бір қола жүлдеге қол жеткізді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Каратэшілер #Азия чемпионаты #4 алтын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);