AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық ғалымдар спортшылар ішетін қоспа шыға...

Қазақстандық ғалымдар спортшылар ішетін қоспа шығарды

Білім және ғылым 18.10.2024, 17:14 1,338 yakiya
Қазақстандық ғалымдар спортшылар ішетін қоспа шығарды
Сурет видео скрині

Өнімнің алғашқы партиясы шағын зауытта шығарылды.

Қазақстанның ғалымдары спортшыларға арналған бірегей қоспаны шығарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа тағамдық қоспа спортшыларға ғана емес, зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арналған.

Қоспаның басты ерекшелігі сол, ол жасушаларды зақымданудан қорғай отырып, тотығу стрессімен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ, жасқа байланысты шығатын ауруларды бәсеңдетуге және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерімен күресуге, адамның физикалық және психикалық өнімділігін арттыруға ықпал етеді.

"Барлық өнім Қазақ тағамтану академиясында міндетті сараптамадан өтіп, арнайы диеталық өнім ретінде тіркелді. Жоба бойынша жұмыс әзірлеу, тестілеу және сертификаттау кезеңдерін қоса алғанда үш жылға жуық уақытты алды", - дейді жоба жетекшісі Серғазы Шыңғыс.

"Hormesis Oxy" жалпы атауымен үш өнім (кәсіби спортшыларға, ересек жастағы адамдарға және спортпен тұрақты емес айналысатындарға арналған) сериясы әзірленді. Болашақта халықаралық нарыққа шығу арқылы өндіріс пен өнім түрлерін кеңейту жоспарланып отыр.

"Өнімдерде полифенолдардың бірегей қоспасы – негізінен өсімдік тектес биологиялық белсенді қосылыстар, гель түзуші агенттер, сондай-ақ адаптагендер мен актопротекторлардың шөп сығындылары бар. Біз тәттілендіргіштер мен калориялық толтырғыштарды алмастыратын пребиотикалық және диеталық талшық болып табылатын полидекстрозаны қолданамыз. Сондықтан қант диабетімен ауыратын адамдар да пайдалана алады", - деп атап көрсетті ғалым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #қоспа #ғалым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);