ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық ғалымдар Калифорниядағы Беркли универ...

Қазақстандық ғалымдар Калифорниядағы Беркли университетімен ғылыми ынтымақтастық орнатты

Білім және ғылым 07.11.2023, 13:20 1,306
Қазақстандық ғалымдар Калифорниядағы Беркли университетімен ғылыми ынтымақтастық орнатты
Сурет: gov.kz
Бұл университет инфрақұрылым мен көлікті қоса алғанда, әртүрлі салалардағы зерттеулер мен инновациялар шоғырланған әлемдік орталық саналады

Бұл университет инфрақұрылым мен көлікті қоса алғанда, әртүрлі салалардағы зерттеулер мен инновациялар шоғырланған әлемдік орталық саналады


Мемлекеттік тапсырма шеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары Калифорниядағы Беркли университетімен стратегиялық маңызды ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Атап айтқанда, университеттің зияткерлік инфрақұрылым орталығының директоры, профессор Шахзод Тахировпен бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойылды.


Бүгінде PhD докторы Ш.Тахиров сенсорлық қондырғыларды зерттеу мен жол инфрақұрылымына енгізуге бағытталған технологияларды әзірлеп жатыр. Халықаралық деңгейдегі жолшылардың пікірлеріне сүйенсек, бұл технология ақауларды алдын-ала болжауға және анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге автожолдарды күтіп ұстау мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға көмектеседі.



«Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде еліміздің автомобиль жолдарына инновациялық технологияларды енгізуге болады. Бұл көлік инфрақұрылымын дамытуға және оның сенімді түрде пайдалануға ықпал етеді. Қол қойылған келісімдер автомобиль жолдарын мониторингілеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту, жол құрылыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету саласындағы жақсы көрсеткіштерге ықпал етуі мүмкін», деп атап өтті ҚазжолҒЗИ вице-президенті Ерік Әмірбаев.




Сонымен қатар қазақстандық жолшылар АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Sensor Fusion and Monitoring Technologies компаниясына барды. Отандық мамандар жол құрылымдарын мониторингтеу және тестілеу саласындағы озық технологиялармен танысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.