AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық ғалым шоколад түсті кірпіш жасайтын т...

Қазақстандық ғалым шоколад түсті кірпіш жасайтын технологияны ойлап тапты

Білім және ғылым 22.01.2023, 07:03 1,320 Аlmaty-akshamy.kz
Қазақстандық ғалым шоколад түсті кірпіш жасайтын технологияны ойлап тапты
сурет:imio.kz

Жаңа технологияны құрылысқа қажетті шоколад түсті кірпішті жасау үшін қолдануға болады.


Еуразия ұлттық университетінің ғалымы Руслан Сафаров әріптестерімен бірге марганец кенінен тримарганец тетраоксиді бояғышын алудың жолын тапты деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ЕҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа технологияны құрылысқа қажетті шоколад түсті кірпішті жасау үшін қолдануға болады. Ғалымдар бұл әдісті коммерцияландыруды және өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.


Тримарганец тетраоксиді бояғышын алудың жаңа технологиясы патенттелді. 2022 жылы жоба жетекшісі Руслан Сафаров әріптестерімен бірге Ғылым қорының грантын жеңіп алды. Бұл ғылыми әзірлемені коммерцияландыруға және өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.



«Қазақстанда марганец кендерінің едәуір қоры бар. Олардан бояғыш алуға болады. Біз ғылыми зерттеу жүргізіп, оның қорытындысы бойынша тримарганец тетраоксидін алудің технологиясын таптық. Оның үлгісін сараптау үшін Көкшетау қаласындағы кірпіш зауытына тапсырдық. Мамандар біздің жасаған өнімнің сапасы жақсы екендігін растады», - деді ЕҰУ оқытушы-зерттеушісі, химия ғылымдарының кандидаты Руслан Сафаров.



Ғалым бүгінде бағдарламалау тілін меңгеріп, жаңа дағдыларды ғылыми жұмыстарында кеңінен қолдануда. Бұл өз кезегінде зерттеулердің аясын кеңейтуге жол ашты.



«Геохимиялық зерттеулерде біз нейрондық желілерді қолдана бастадық. Химия, геология, IT қиылысындағы ғылымдардың мұндай үйлесімі жаңа қызықты нәтижелер береді, яғни объектілерді әдеттегі қарау кезінде айқын емес заңдылықтарды табуға мүмкіндік жасайды. Мен өзім бағдарламалаумен, ақпараттық жүйелерді құрумен айналысамын. Сондықтан геохимия мен қоршаған орта объектілерін бақылау саласында машиналық оқытудың нейрондық желілер және басқа технологиялары сияқты компьютерлік модельдерді қолдану бағытын игеремін. Бұл зерттеу аясын кеңейтуге көмектеседі», - дейді Р. Сафаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ғылым #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);