AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстандық экологтар көктемгі су тасқыны кезеңін...

Қазақстандық экологтар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр

Өмір-өзен 17.02.2022, 16:27 2,494
Қазақстандық экологтар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр
Сурет: 24tv.ua

Тұрақты мониторинг жүргізілуде.


Отандық мамандар көктемде болатын су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Республика аумағындағы су тасқынына қарсы ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «ҚазСуШар» РМК-мен бірлесіп бірқатар алдын алу шараларын жүргізуде. Бұл туралы комитет төрағасы Нұрлан Алдамжаров айтты», - делінген Экология министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Оның сөзінше, Қазақстанның барлық өңірлерінде су тасқынын өткізуге гидротехникалық құрылыстар дайындалды, тәулік бойы кезекшілік кестесі бекітілген.



«Қазіргі уақытта бассейндік инспекциялармен бірлесіп ел аумағындағы су тасқыны мен жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілуде. Осы кезеңде елді мекендердің, әсіресе, су басу қаупі бар жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Бүгінгі таңда гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде және алдағы су тасқынына дайын», - деді Су ресурстар комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров.



Мамандардың айтуынша, елімізде 300-ден астам үлкенді-кішілі су қоймасы бар. Оның 86-сы «ҚазСуШар» РМК-ға тиесілі. Кәсіпорынның балансындағы су қоймалары орта есеппен 40%-ға толтырылған.



«Гидротехникалық нысанды толтыру кестесі су тасқыны көлеміне және оның өту уақытына, пайдаланушылардың су тұтыну көлеміне және бассейнаралық аударымдарға байланысты. Пайдалану ережелеріне сәйкес су қоймаларының көлемін азайтуға жол берілмейді, өйткені олар экономиканың барлық салалары мен қоршаған ортаның қажеттіліктерін қамтамасыз етеді», - деді төраға.



Мамандар төтенше жағдай туындағанда және қолайсыз су тасқыны бола қалғанда, өңірлерде қажетті автокөлік, арнайы техника, инертті материалдар, сорғы агрегаттары дайын екенін айтып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #көктем #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);