Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық десантшылар Үнді джунглиінде оқу курс...

Қазақстандық десантшылар Үнді джунглиінде оқу курсынан өтуде

Әлеумет 20.12.2024, 09:20 1,116
Қазақстандық десантшылар Үнді джунглиінде оқу курсынан өтуде
Сурет: Қорғаыс министрлігі

Әлемге әйгілі көтерілісшілерге қарсы күрес және джунглидегі соғыс қимылдары мектебінің базасында ұйымдастырылған курсқа Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 15 әскери қызметшісі қатысуда.

Оқу орны әскери академия мәртебесіне ие және дәстүрлі емес соғыстар кезінде жауынгерлік әрекеттерді зерттеуге және оқытуға мамандандырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Ол Джунгли жағдайында көтерілісшілермен және партизандармен күресу үшін үнді әскери қызметкерлерін дайындайды. 

– Келгеннен кейін мектеп нұсқаушылары бізді курс бағдарламасымен таныстырды. Біздің топпен өткізілетін сабақтарда көтерілісшілердің шағын топтарын қудалау және торуыл ұйымдастыру бойынша іс-шаралар пысықталды. Практикалық оқыту күндіз-түні Джунгли жағдайында жүргізіледі, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқарма офицері капитан Виталий Стефанович.

Оқыту дәрістер, пікірталастар, жағдайлық зерттеулер жүргізуді көздейді. Дене шынықтыруға, рефлекторлық атуды дамытуға және тактикалық әдістерді игеруге көп көңіл бөлінеді.

Тығыз өсімдіктер, шектеулі көріну және тұрақты қауіп-қатер жағдайында жаттығу кезінде әскери қызметшілерге тірі қалуға ғана емес, сонымен бірге ұрыс қимылдарын жүргізуге де үйретіледі. Практикалық іс-шараларға террористердің имитациялары бойынша жауынгерлік оқ-дәрілерді ату кіреді. Бұл нақты ұрыс жағдайларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, білім алушылар төтенше жағдайларда әрекет етуге және жергілікті тұрғындармен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін психологиялық дайындықтан өтеді.

Мүлдем бейтаныс климаттық және географиялық жағдайлар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілеріне ұрыс қимылдарын жүргізудің жан-жақты тәжірибесін береді.

Бұл Үндістанның әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізілген биылғы екінші жаттығу. Мәселен, қазан айында "Сурья" оқу орталығының базасында "ҚазҮнді-2024" оқу-жаттығуы өтті. Оған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің құрамынан құралған бірлескен рота қатысты.

Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ведомстволарының екіжақты ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Десантшылар #Үнді джунглиі #оқу курсы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41

Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026

Бүгін 17:25

Ауа райы болжамы: елордада аяз, Алматыда күн жылынады

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.