AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстандық Call2action.ai стартабы АҚШ нарығында...

Қазақстандық Call2action.ai стартабы АҚШ нарығында қарқынды дамып жатыр

Экономика 21.11.2024, 14:07 833 dulatbekova
Қазақстандық Call2action.ai стартабы АҚШ нарығында қарқынды дамып жатыр
Сурет: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Бұл стартап - Astana Hub халықаралық технопаркінің резиденті.

АҚШ-тың 40-тан астам транспорттық компаниясы инновациялық өнімге қызығушылық танытып, оның екеуі коммерциялық негіздегі клиентке айналса, үшеуі пилот аясында ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Call2action.ai — генеративті жасанды интеллект (GenAI) негізіндегі тасымал мен логистика салаларында жұмысқа алу процесін автоматтандыру үшін әзірленген әлемдегі алғашқы шешім. Стартап пайдалануға дайын SaaS-шешім ұсынып, жұмысқа алу процесін ыңғайлы ғана емес, экономикалық тұрғыдан тиімді етеді.

Жобаның бастапқы гипотезасы өз тиімділігін дәлелдеп, командаға қарқынды түрде алға жылжып, трекшнді арттыруға ықпал етті. Нәтижесінде, стартап инвестициялық кезеңді ашып, венчурлық қорлар және бизнес-періштелермен келіссөздер жүргізуде. Олардың кейбірі жергілікті эдвайзер рөлінде болысып, инвестор атануды жоспарлап отыр.

«АҚШ нарығы Қазақстан нарығынан біршама ерекшеленеді, бірақ біз тасымал мен логистика саласындағы жұмысқа алу процесін трансформациялау үшін зор әлеует көрдік. Silicon Valley Residency Program бағдарламасына қатысуымыздың арқасында Astana Hub пен Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Кремний алқабында акселерациядан өтіп, бірнеше ай ішінде айтулы нәтижелерге қол жеткіздік: 40-тан астам транспорттық компания қызығушылық танытты, олардың екеуімен келісімшарттар жасалды, үш компания пилоттық жобаларды іске қосты. Бізде pre-seed кезеңі үшін әлеуетті инвесторлар бар, сондай-ақ Persol Group пен Mitsui Group сияқты ірі жапондық корпорациялардың назарын аудардық. Мұндай сұранысты ескере отырып, өніміміз бірнеше жыл ішінде миллиард долларлық құнға жетеді деп үміттенеміз», — деді Ерсұлтан Джусакинов, Call2action.ai бас директоры және негізін тең қалаушы.

Call2action.ai командасы АҚШ-тағы инновациялық орталықтармен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда, оның ішінде негізін Орталық Азиядан шыққандар қалаған Silkroad Innovation Hub бар. Стартап TechCrunch Disrupt пен CESV 2024 сияқты ең ірі халықаралық көрмелерде өз әлеуетін көрсетіп, жаһандық нарықта болашағы зор ойыншы ретінде танылды. Сондай-ақ Call2action.ai Mitsui Group-тің 2025 жылы басталатын акселерациялық бағдарламасына іріктелді.

Еске салсақ, бұған дейін Орталық Азияның 22 перспективті стартабы, оның ішінде Call2action.ai де бар, AlchemistX & Silicon Valley Residency Program аясында Кремний алқабында акселерациялық бағдарламалардан өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл бағдарламалар Astana Hub және Silkroad Innovation Hub-тың, ҚР Цифрлық даму министрлігінің, Дүниежүзілік банк пен FPIP жобасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақстандық стартап #АҚШ нарығы #Astana Hub
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);