AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық бильярдшы Мәскеуде өткен турнирде топ...

Қазақстандық бильярдшы Мәскеуде өткен турнирде топ жарды

Спорт 21.01.2023, 09:25 1,609 Аlmaty-akshamy.kz
Қазақстандық бильярдшы Мәскеуде өткен турнирде топ жарды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Мәскеуде өткен «Чемпиондар лигасында» Артур Муциев бірінші орын алды.


17 қаңтарда Мәскеуде BetBoom «Чемпиондар лигасы» өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Дүбірлі додаға Халықаралық Пирамида конфедерациясының нұсқасы бойынша ең мықты 8 ойыншы қатысты. Биылғы маусымда турнирге Қазақстан атынан Артур Муциев қатысты. Ол төрт халықаралық дәрежедегі спорт шеберін жеңіп, чемпион атанды.  


Жанкүйерлер ойынның тікелей трансляциясын тамашалады. Қазақстандық бильярдтың жанкүйерлері Артур Муциевке зор қолдау көрсетті.



«Бильярд - шеберлікті шыңдайтын ойын. Аса дәлдік қажет. Сәл қиыс көздесеңіз, шар басқа жаққа кетеді. Ал дөп түссеңіз, ұтасыз. Сол дөп түсу үшін де ептілік пен қажыр-қайрат керек. Сәл ғана босаңсып қалсаңыз, қарсылас ұрымтал тұсты бағып тұрады. Сол үшін күнделікті таңғы 11-ден кешкі 6-ға дейін демалыссыз жаттықтым. Менің қарсыластарым оңай болған жоқ, олардың көпшілігі - әлем чемпиондары. Үлкен қателікке бой алдырмау үшін барымызды сала білдік», – деді жеңімпаз Артур Муциев.


«Бұл турнирдегі жеңісімді үлкен жетістік деп санаймын.  Бильярд - өте пайдалы ойын, бұған өте дәлдік керек және ұрымтал сәтті күту қажет. Бильярд басқа спорт түрлеріне ұқсамайды, табандылық пен тәртіпке баулиды», - деп ағынан жарылды спортшы.



Қазақстандық бильярд шебері өз тәжірибесімен бөлісіп, жас спортшыларға ақыл-кеңесін айта өтті.



«Бильярдқа құштар жастар көп. Бір нәрсе анық. Барлығы еңбектің арқасында болады. Әрдайым жаттығуларға қатысып, жаттықтырушымен бірге дайындалсаңыз, нәтижесін көресіз. Ол үшін ынта керек. Сонда ғана халықаралық жарыстарда жеңіске жетесіз. Бұл елдің де абыройы болады», – деді . Муциев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бильярд #спорт #Артур Муциев #Мәскеу #чемпиондар лигасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);