ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық балаларға әлеуметтік желіде шектеу ен...

Қазақстандық балаларға әлеуметтік желіде шектеу енгізілуі мүмкін. Министрлік не дейді?

Әлеумет 27.01.2026, 15:21 158
Қазақстандық балаларға әлеуметтік желіде шектеу енгізілуі мүмкін. Министрлік не дейді?
Сурет: AndroidInsider.ru
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова депутаттардың балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Үкіметтегі...

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова депутаттардың балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Үкіметтегі брифингте айтып, мәселені қазір министрлік деңгейінде зерделеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, ведомствода арнайы жұмыс тобы құрылған, ал басты мақсат – балаларды құқыққа қайшы контенттен қорғау. Ол бұл тәжірибенің бірқатар елдерде қолданылып жүргенін атап өтті.

«Қазір шектеу мәселесін қарастырып жатырмыз, бірнеше ұсыныс бар. Жұмыс тобы құрылды. Балаларды құқыққа қайшы контенттен қорғағымыз келеді. Бұл мәселе ашық түрде қоғаммен, соның ішінде ата-аналармен, педагогтермен және БАҚ өкілдерімен талқыланады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрлік қарастырып отырған ықтимал шаралар ретінде мыналарды атады:

  • балаларға арналған SIM-карталарды тіркеу – қолжетімділікті бақылаудың алғашқы қадамы;

  • 14 жасқа дейінгі балалар тұтынатын контентті мониторингтеу – құқыққа қайшы материалдарды анықтап, бұғаттау үшін;

  • мектептерде цифрлық және медиасауаттылықты күшейту – интернет пен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалануды түсіндіру.

Сүлейменованың айтуынша, бастама әзірге талқылау кезеңінде, нақты шешім қабылданбаған. Жұмыс тобының алғашқы отырысы өткеннен кейін қосымша ақпарат жарияланатыны айтылды.

Еске салайық, желтоқсан айында Қазақстанда онлайн-платформаларда 16 жасқа дейінгі пайдаланушылардың тіркелуіне тыйым енгізуді көздейтін заң жобасы дайындалғаны хабарланған. Құжатты Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген, кейін бұл шектеу әлеуметтік желілердегі тіркеуге қатысты болатыны нақтыланған болатын. 

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.