AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық авиакомпаниялардың табысы жаңа рекорд...

Қазақстандық авиакомпаниялардың табысы жаңа рекорд орнатты

Әлеумет 15.08.2023, 04:52 1,205
Қазақстандық авиакомпаниялардың табысы жаңа рекорд орнатты
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Ұлттық статистика агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және реформалар бюросының дерегі бойынша, 2023 жылдың шілдесінде әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 80,5 млрд теңгеге жетті.


Бұған дейінгі максимум 73,6 млрд теңгені құраған болатын және ол 2022 жылдың тамыз айында орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz DATA HUB Telegram арнасына сілтеме жасап.


Осы жылдың 7 айында компаниялардың жиынтық табысы 418,1 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 276,8 млрд теңге болған еді.


Табыс өсімінің басты себебі – жолаушылар ағынының артуы (әуе компанияларына негізгі кірісті жүк емес, адамдар әкеледі).


2023 жылғы қаңтар-шілде айларында әуе кемелері тасымалдаған жолаушылар саны 7,3 млн адамды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 26,1% көп. Сонымен қатар шілде айында 1 миллион 384,9 мың жолаушы әуе кемесімен ұшып, рекорд жаңартты.


Екінші себеп – бағаның өсуі. Әуе көлігі қызметтері 2023 жылдың басынан 48,4% қымбаттады. Әсіресе ақпан (+21,5%) мен сәуір (+17,7%) ерекше әсер етті. Нақтырақ айтсақ, шілде айында қызмет құны 4 пайызға өсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авиакомпания #табыс #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);