AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандық әскерилер түнгі спринтте топ жарды

Қазақстандық әскерилер түнгі спринтте топ жарды

Әлем 18.08.2022, 10:30 1,416
Қазақстандық әскерилер түнгі спринтте топ жарды
Сурет: Inform.kz

Олар барлық тапсырманы 10 минут 33 секундта орындаған.


Қазақстандық әскерилер Халықаралық армия ойындарында «Артиллериядан оқ ату шеберлерінің» түнгі спринт кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстан командасы барлық тапсырманы 10 минут 33 секундта орындап, үздік нәтиже көрсетті. Әзірбайжан әскери қызметшілері екінші орында (14 минут 15 секунд), ресейлік артиллеристер үшінші орыннан (16 минут 01 секунд) көрінді.


Айта кетер жайт, Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» байқауының екінші экипаждарының жарысында қазақстандық танкистер тағы да жеңіске жетті.


Танк командирі, аға лейтенант Сейітжан Қобыланұлы, көздеуші-оператор сержант Бауыржан Бұғыбаев және механик-жүргізуші ефрейтор Жаннұр Жұмабаевтардан тұратын экипаж кедергілерді еңсеріп, атыс тапсырмаларын сәтті орындап шықты. Қазақ жауынгерлері трассадан 26 минут 35 секундта өте білді.


Екінші орындағы Өзбекстан әскери қызметшілерінің нәтижесі – 27 минут 23 секунд.


Халықаралық армия ойындары аясында Қазақстанда үш байқау өткізіледі. Олар – «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Меридиан» және «Тактикалық мерген». Соңғы екеуі Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.


Елімізде өтетін сайыстарда барлығы 26 команда бағын сынайды. Олардың ішінде Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның әскерилері бар.


Жамбыл облысының Гвардейск гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонында минаатқыш есептоптарының үздіктерді анықталса, Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Амандық» полигонында әскери топографтардың сайысы өтеді. Ал Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында мергендер жарысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Қазақстан #спринт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);