AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық әртістер сахна мәдениетін сақтамағаны...

Қазақстандық әртістер сахна мәдениетін сақтамағаны үшін айыппұл төлеуі мүмкін

Әлеумет 04.10.2022, 08:15 1,495
Қазақстандық әртістер сахна мәдениетін сақтамағаны үшін айыппұл төлеуі мүмкін
Сурет:Dj-store.ru

Сахна мәдениеті туралы мәселе зерттеліп жатыр.


Қазақстандық әртістердің сахна мәдениеті туралы мәселе қаралуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Күміс Сейітова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«2020 жылы Мәдениет туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Оларға сәйкес, концерттер мен басқа да мәдени іс-шараларға қатысты нормалар көзделген. Яғни, әртіс өзін көрермендердің алдында дұрыс ұстауы керек. Сонымен қатар, фонограммаға қойылатын талаптар да бар. Егер әнші фонограммамен өнер көрсетсе, ол бұл туралы ескертуі керек. Бірақ қолданыстағы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте ешқандай жаза немесе айыппұл қарастырылмаған», - деді Күміс Сейітова.



Министр орынбасарының айтуынша, заңнамаға түзетулер енгізу - үлкен процесс. Қазір әртістердің сахна мәдениеті туралы мәселе зерттеліп жатыр. Атап айтқанда, заңды және жеке тұлғаларға қатысты 150-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу көзделеді.


Айта кетейік, бұл шаралар әлі күшіне енген жоқ, тек қарастырылып жатыр.


Күміс Сейітова бұл мәселе әртістермен және концерт ұйымдастырушыларымен талқыланатынын және осы түзетулер жақын арада күшіне енуі мүмкін екенін тілге тиек етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сахна #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);