AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық арнайы жасақ командалары UAE SWAT Cha...

Қазақстандық арнайы жасақ командалары UAE SWAT Challenge турнирінің алғашқы күнін жеңіспен аяқтады

Спорт 07.02.2026, 22:00 750
Қазақстандық арнайы жасақ командалары UAE SWAT Challenge турнирінің алғашқы күнін жеңіспен аяқтады
Қорғаныс министрлігі

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің бірінші күні Қазақстан командалары үшін сәтті өтті. 48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командасы қатысқан бәсекеде еліміздің төрт командасы да үздік ондыққа еніп, турнир кестесінің жоғарғы бөлігінен көрінді.

Дубайдағы тартысты сайыстың алғашқы күн қорытындысы бойынша Kazakhstan C командасы жалпы есепте бірінші орынға жайғасты. Одан кейін Kazakhstan D командасы екінші орыннан көрінді. Ал Kazakhstan B командасы төртінші орынға тұрақтаса, Kazakhstan A құрамасы оныншы орынға көтерілді. Осылайша Қазақстанның төрт командасы да алғашқы күннен-ақ үздіктер қатарынан табылып, жоғары нәтиже көрсетті.

Турнирдегі ерекше назар аудартқан жайттардың бірі – еліміздің Tomiris қыздар командасының көрсеткіші. Команда жалпы есепте 20-орынға орналасып, бұл нәтиже әйелдер командалары арасындағы ең үздік көрсеткіш ретінде аталды.

Қазақстан атынан қатысып жатқан құрамалар бір тудың астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің таңдаулы жауынгерлерін біріктірген. Бұл – тәжірибе мен кәсіби дайындық тоғысқан біріккен күштің нәтижесі.

Айта кетейік, бес күнге жоспарланған халықаралық турнир 11 ақпанда мәресіне жетеді. Алда әлі бірнеше кезең бар. Еліміздің командаларына қалған сындардан да сүрінбей өтіп, жеңіспен оралуын тілейміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі #жасақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);