AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстандық ара шаруашылығы кәсіпорны алғаш рет Е...

Қазақстандық ара шаруашылығы кәсіпорны алғаш рет Еуропалық Одақтың тізіліміне енгізілді

Экономика 04.06.2025, 15:31 895
Қазақстандық ара шаруашылығы кәсіпорны алғаш рет Еуропалық Одақтың тізіліміне енгізілді
Сурет: Gov.kz

Қазақстан ара шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуетін дамыту жолында маңызды қадам жасады: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданында орналасқан «SUN-BEE ALTAI» ЖШС еліміздегі алғашқы ара шаруашылығы өнімі мен бал өндіруші кәсіпорын ретінде Еуропалық Одақтың ресми тізіліміне – Honey and other apiculture products establishments (HON) енгізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл жетістік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және кәсіпорынның өзі тарапынан өндірістік үдерістерді Еуропалық Одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптары мен стандарттарына толық сәйкестендіру бойынша көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды.

Қазақстаннан балды Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау мүмкіндігі 2025 жылғы 21 ақпандағы Еуропалық комиссияның қаулысы жарияланғаннан кейін, 2025 жылғы 12 наурыздан бастап ресми түрде ашылды.

«SUN-BEE ALTAI» ЖШС-нің HON тізіліміне енгізілуі кәсіпорынға Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Австрия, Испания, Польша, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Литва, Эстония, Венгрия, Финляндия, Швеция, Дания, Португалия, Грекия, Болгария, Румыния, Хорватия, Ирландия, Кипр, Люксембург және Мальта мемлекеттеріне экспорт жасау құқығын береді.

Комитет алдағы уақытта да Қазақстанның ара шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуетін арттыру мақсатында еуропалық нарыққа шығуға мүдделі кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, тиісті инспекциялар жүргізуді жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ара шаруашылығы #Еуропалық Одақ #тізілімге ену
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);