ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қазақстандық аниматорлар шетелдік әріптестерінің д...

Қазақстандық аниматорлар шетелдік әріптестерінің дәрістерін тыңдай алады

Не? Қайда? Қашан? 28.10.2021, 07:23 1,857
Қазақстандық аниматорлар шетелдік әріптестерінің дәрістерін тыңдай алады
Сурет: Newbusiness.su
Walt Disney-дің және «Маша мен аю» жобасының мамандары қазақ аниматорларына дәріс оқиды

Walt Disney-дің және «Маша мен аю» жобасының мамандары қазақ аниматорларына дәріс оқиды


Әлемге танымал мультфильмдердің жарық көруіне тікелей атсалысқан мамандар Түркістанда өтетін халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер кинофестивалінде арнайы дәріс оқып, тренингтер өткізеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.



«Өз қызметін «Союзмультфильм» студиясынан бастап, америкалық World Disney студиясында шыңдалған суретші-аниматор Александр Дорогов фестиваль қатысушыларына идеядан бастап, анимациялық фильмді бейнелеуге дейінгі процесті баяндап, басты кейіпкерді іздеудің қыр-сырын түсіндіреді. «Қап, бәлем, тұра тұр!» (Ну, погоди), «Мулан», «Арыстан патша» (The Lion King), «Фиксиктер», «Лило мен Стич» (Lilo & Stitch) екілді әлемге танымал жобаларға қатысқан маманның дәрісі онлайн өтеді. Ал британ сарапшысы, «Zontul films limited» анимациялық компаниясының директоры, профессор, жазушы Тим Уилсон онлайн дәрісінде батыс анимация саласының ерекшеліктеріне тоқталып, жеке тәжірибесін ортаға салады», - деп хабарлады кинофестиваль ұйымдастырушылары.



Тағы бір ағылшын маманы қатысушыларға деректі фильм түсіруде анимация элементтерін қолданудың ұтымдылығы жайлы айтып береді. Кинорежиссер, жазушы және суретші Оливер Гай-Уоткинс түсірген деректі фильмдер әлемге танымал кинофестивальдердің жүлдегері атанған. Жазушылық қырынан танылған Уоткинстің көркемсурет туындылары да көрмелерге жиі қойылады.


Қонақтар қатарында күллі әлем балаларына ерекше танымал «Маша мен аю» жобасының режиссері Наталья Мальгина бар. Ресейлік маман онлайн дәріс барысында 40-тан астам тілге аударылған «Маша мен аю» туындысының жасалу барысына тоқталады.



«Түркістанға арнайы келген Түркия анимация саласының үздіктері Мусаб Гүндүз бен Мұстафа Ахмет Қара фестиваль қатысушыларымен тілдесіп, тәжірибелерімен бөліседі. Анимация режиссері, комикс және қозғалыс суретшісі Мұстафа Ахмет Қара комикс жасаудың қыр-сырына тоқталса, Cordoba анимация студиясының негізін қалаушы Мусаб Гүндүз аудиторияның жас ерекшелігіне қарай жоба жасаудың негіздерін таныстырды», - дейді ұйымдастырушылар.



Сондай-ақ, фестиваль қонақтары Қазақстанның үздік анимациялық киностудияларының көрмесін тамашалап, анимация жасаудың ерекшеліктерімен танысады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.