AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды

Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды

Мәдениет 10.01.2025, 12:43 853
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Almaty-akshamy.kz

«Шатырдағы екеу» фильмі Нью-Йорктегі Oniros Film Awards® халықаралық кинопремиясында екі номинация еншіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Фильмде аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның рөлін сомдаған Александр Черепанов «Жас актер» номинациясын алды. Сонымен қатар Гүлшат Смағұлова «Режиссер-дебютант» аталымы бойынша финалистер қатарынан табылды.

Түсірілім кезінде небәрі 15 жаста болған Александр Черепанов Виталий Давыдовтың шеберханасында актерлік қырын шыңдап жүр және қазір «Балаганчик» театрында өнер көрсетеді. Соның арқасында оның фильмдегі рөлі де әсерлі шығып, көрермен ықыласына бөленді, фестивальдағы қазылар алқасының оң бағасын алды.

«Шатырдағы екеу» фильмі – 15 жылдан астам тәжірибесі бар режиссер Гүлшат Смағұлованың жұмысы. Фильмнің сценарий авторы – Жанна Тимофеева, қоюшы суретшісі – Елена Айтова, ал қоюшы операторы – Александр Плотников. Кинода Елдар Әбіш, Александр Черепанов, Лидия Ярцева (Ресей), Ольга Ландина, Евгений Задорожнев, Жанна Қуанышева, Дәулет Кекілбаев, Бағлан Нүрекенова сияқты жас әрі танымал актерлер ойнайды.

Өткен жылы фильм қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шыққан. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #Шатырдағы екеу #балалардың қоғамға бейімделу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);