конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық 40 оқушы Халықаралық Азия-Тынық мұхит...

Қазақстандық 40 оқушы Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында жүлделі орындардан көрінді

Білім және ғылым 25.03.2022, 12:45 1,688
Қазақстандық 40 оқушы Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында жүлделі орындардан көрінді
Сурет: Elorda.info

Еліміздің ұлттық құрамасының қоржынында 5 алтын, 13 күміс және 22 қола медаль бар.


Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай және Қарағанды қалаларының оқушылары алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар олимпиадада Ақтау, Атырау, Қызылорда және Павлодар мектептерінің оқушылары да үздіктердің қатарынан көрінді. Олимпиада жеңімпаздары халықаралық IMO олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан құрамасына кіру мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Зияткерлік сайысқа әлемнің 38 елінен жүздеген мектеп оқушысы қатысты. Олардың қатарында Жапония, Аустралия, Канада, Сингапур, АҚШ, Аргентина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Катар, Корея, Түркия және т.б. елдер бар.



«Биыл халықаралық олимпиада офлайн форматта өтті. Қазақстан атынан еліміздің түкпір-түкпірінен 131 оқушы қатысты. Биыл біздің оқушылар үздік нәтиже көрсеткенін айта кеткен жөн. Мысалы, былтыр қазақстандық оқушылар 3 алтын алса, биыл олардың саны 5-ке жетті. Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикалық олимпиадасындағы жеңісі оқушыларымызға ұлттық құрама қатарына қосылып, IMO-да республика намысын қорғауға мүмкіндік береді. Балалар Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныта алуы үшін біз ел ішінде түрлі деңгейде олимпиадалар өткіземіз. Олимпиадада жеңістер әділ және адал болуы үшін оны электронды форматқа ауыстырдық, одан бөлек камералар сатып алдық. Былтыр оқушыларымыз ірі халықаралық олимпиадаларда рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, ел қоржынына 26 медаль әкелді», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.



Айта кетейік, Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы жарысқа қатысушылар елінің аумағында офлайн форматта өтті. Сондай-ақ оқушылар халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру комитетінен бір уақытта тапсырмалар алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Математикалық олимпиада #есеп #білім жарысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);