AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы халық...

Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды

Әлеумет 28.03.2024, 06:39 930
Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы марапаттау рәсімі Мәскеуде өткен  CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура халықаралық сайыста «Халыққа арналған үздік байланыс орталығы» номинациясында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Байқауға 440-тан астам үміткер қатысты. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 150-ден астам байланыс орталықтары үздік атағына таласты. 2024 жылдың қаңтарында 1414 финалға шығып, ақпан айында CCGuru Awards қазылар алқасының мүшелерін Бірыңғай байланыс орталығының кеңсесінде қабылдаған болатын. Байқау комиссиясының өкілдері орталықтың жұмысымен және ақпараттық жүйелермен танысты.


Айта кетер болсақ, CСGuru Awards/ Хрустальная гарнитура 15 жылдан астам уақыт бойы құзырлы қазылар алқасының шешімімен жыл сайын байланыс-орталық индустриясының және клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесудің үздіктеріне беріледі. Марапат кәсіби Қоғамдастықтың жоғары жетілу және даму деңгейін мойындауын көрсетеді, байланыс орталықтарында клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесу саласындағы қатысушылардың жоғары жетістіктері мен нәтижелерін растайды.


Бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік корпорацияның құзырына 2021 жылы өткен болатын. Мамандар азаматтарға аудио-бейне байланыс, сондай-ақ онлайн чат және электрондық пошта арқылы 1354 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, желіде азаматтарға кеңес беріп қана қоймай, кейбір мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұруды да ұсынатын робот жұмыс істейді. Қосымша айтар болсақ, жыл басынан бері байланыс орталығына 7,2 миллионнан астам қоңырау түскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бірыңғай байланыс орталығы #Азаматтарға арналған үкімет #CCGuru Awards
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);