ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда кейінгі үш жылда 41 IT мектеп ашылды

Қазақстанда кейінгі үш жылда 41 IT мектеп ашылды

Әлеумет 26.10.2022, 06:23 1,021
Қазақстанда кейінгі үш жылда 41 IT мектеп ашылды
inform.kz
Кейінгі үш жылда Қазақстанда 41 IT мектеп ашылды. Ал, биылдың басынан бері оларда 55 мыңнан астам оқушы оқып жатыр. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz...


Кейінгі үш жылда Қазақстанда 41 IT мектеп ашылды. Ал, биылдың басынан бері оларда 55 мыңнан астам оқушы оқып жатыр. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.





ІТ мектептер заманауи құрал-жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, оқушылар үшін балаларда цифрлы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленді.





«Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы цифрландыруға көп көңіл бөліп отыр. Біздің мектептер электронды қызметтерді пайдаланады, онлайн олимпиадалар, онлайн жарыстар өткізеді, құжаттар электронды форматта да қабылданады. Жуырда елімізде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің съезінде әріптестеріміз цифрландыру білім беру үдерістеріне қалай енгізіліп жатқанын айтты. Әрине, біз балаларды цифрландыруға үйретуді қолдауымыз керек. Ол үшін ІТ мектептерді кеңінен ашуды қолға алып отырмыз. ІТ мектептердің ерекшелігі – ІТ технологиялар саласындағы мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 3D модельдеу. Жыл сайын IT мектептердің саны арта береді», - деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Бүгінгі таңда ІТ мектептерде оқитын балалар жалпы білім беретін пәндер мен робототехника бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына белсенді түрде қатысып жүр. Биыл Индонезияда өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI) оқушыларымыз 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан атынан беделді олимпиадаға 4 оқушы қатысты. Оқушыларымыз әлемнің 90-ға жуық елінің 350-ден астам қатысушысымен бәсекелесіп, жүлделі орындарға ие болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.