ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы құқық қорғау жүйесі: 2024 жылғы өзг...

Қазақстандағы құқық қорғау жүйесі: 2024 жылғы өзгерістер

Әлеумет 30.01.2025, 14:43 794
 Қазақстандағы құқық қорғау жүйесі: 2024 жылғы өзгерістер
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Қазақстан 2024 жылы құқықтық реформаларды жетілдіру мен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет құқық қорғау саласын дамытуды...

Қазақстан 2024 жылы құқықтық реформаларды жетілдіру мен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет құқық қорғау саласын дамытуды жалғастырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөлін арттыруда.

Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен мемлекеттік институттарға сенімі артып келеді. 2024 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесіне 6,5 мыңнан астам өтініш түсті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға көп. Бұл көрсеткіш азаматтардың Омбудсменді өз құқықтарын қорғаудың нақты механизмі ретінде қабылдайтынын білдіреді.

Жыл ішінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі күшейіп, өтініштерді қарау нәтижесінде 94 мемлекеттік қызметкер тәртіптік, ал 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Уәкіл өкілдерінің қатысуымен төрт қылмыстық іс қозғалды.

Ұстау жағдайларын мониторингтеу ерекше назарға алынды. 2024 жылы 770 мекеме тексеріліп, 1 014 ұсыныс берілді, оның 81%-ы орындалды. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау саны артты: жыл ішінде 2,7 мың қабылдау өткізіліп, Омбудсмен Артур Ластаев 100-ден астам адамды жеке қабылдады. Бұл өзара әрекеттесудің тиімділігін көрсетіп, өтініштердің 21%-ында азаматтардың құқықтары тікелей қалпына келтірілді.

Құқықтық ағарту саласында да үлкен қадамдар жасалды. «Құқықтық сағаттар» және БАҚ арқылы ақпарат тарату шаралары 300 мыңнан астам адамды қамтыды. Бұған қоса, соңғы екі жылда Уәкіл мемлекеттік органдарға шамамен 10 маңызды заңнамалық бастама ұсынды.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық заңдылық, теңдік және объективтілік қағидаттарын ұстануды жалғастырады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – басты міндет болып қала береді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.