ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстандағы отандық күріштің үлесі 186%-ға тең

Қазақстандағы отандық күріштің үлесі 186%-ға тең

Экономика 08.06.2021, 11:51 1,918
Қазақстандағы отандық күріштің үлесі 186%-ға тең
Сурет: Inbusiness.k
2020 жылы Қазақстанда 199,4 мың тонна өңделген күріш өндірілді, бұл республиканың ішкі нарықтағы қажеттілігін185,9%-ға қамтамасыз етеді.

2020 жылы Қазақстанда 199,4 мың тонна өңделген күріш өндірілді, бұл республиканың ішкі нарықтағы қажеттілігін185,9%-ға қамтамасыз етеді.


 Жаңа өндірістерді іске қосудың арқасында қайта өңделген күріш өндірісі қарқын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 Алдағы бірнеше жылда егіс алқаптарын әртараптандыруға байланысты күрішті ішкі нарыққа жететіндей көлемде ғана өндіру жоспарланып отыр.


 Салыстыра айтар болсақ, 2019 жылы 166 мың тонна өнім өндірілді. Яғни, бір жыл ішінде өндіріс өсімі 20%-дан асты.



Өткен жылы өндіріс өсімінің арқасында өңделген күріштің экспорты 12,7%-ға артып, 101,2 мың тоннаны құрады. Соның нәтижесінде импорт 57,7 %-ға, яғни, 9 мың тоннаға дейін төмендеді.



 Қазіргі уақытта отандық өндірістің арқасында импорттың үлесі 8,4% ғана.


2015 жылдан бері Қазақстанда күрішті өндіру мен қайта өңдеу саласында жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жоба іске асырылды. Соның нәтижесінде өндіріс өсімі қарқын алды.


 Мемлекеттік қолдау шаралары аясында жаңа кәсіпорындар салу, жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарын кеңейту және жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырғанда инвестициялық субсидиялар қарастырылды.



 Бұдан бөлек, «қарапайым заттар экономикасы» аясында қайта өңдеу кәсіпорындарын инвестициялауға және айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік беретін жылдық сыйақы мөлшері 6%-дық жеңілдетілген несиелер бар.



 Сонымен қатар, екінші жыл қатарынан республиканың агроөнеркәсіп кешенінде егіс алқаптарын әртараптандыру саясаты жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл облыс әкімдіктерінің деректері бойынша, күріш егетін алаң 8,4 мың гектарға қысқарған. Яғни, еліміздегі жалпы күріш егіс алқабы 95,6 мың гектарға дейін азайды.


 Күріш алқаптарының көлемін біртіндеп азайтып, оның орнына тиімді әрі ылғалды аз қажет ететін бақша өнімдерінің, жем-шөп пен майлы дақылдардың алқаптарын ұлғайту жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.