AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы орташа жалақы көлемі белгілі болды

Қазақстандағы орташа жалақы көлемі белгілі болды

Әлеумет 07.02.2023, 15:00 1,098 Almaty-akshamy
Қазақстандағы орташа жалақы көлемі белгілі болды
Сурет: Zakon.kz

Өңірлер арасында орташа жалақының ең көп өсімі Ұлытау облысында тіркелді


Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылдың төртінші тоқсанында (шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 338 715 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.



"IV тоқсандағы орташа жалақының өсімі жыл соңындағы сыйлықақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры көлемі жұмысшылар санына қарай бөлінеді. Бұл мәліметтерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан аламыз. Алынған деректерге кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қамтымайтынын атай кеткен жөн", - деп түсіндірді бюроның еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова.



Оның айтуынша, орташа айлық жалақының ең көп өсімі құрылыс саласында (42%), баспананы жалға беру және тамақтану қызметтерінде (32,6%), ақпарат пен байланыс қызметінде (31,9%) тіркелген.


2021 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәнінің төмен болуы өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласында (2,4%-ға) байқалды.


Өңірлер арасында орташа жалақының ең көп өсімі Ұлытау облысында тіркелді - 35,2%. Ең аз өсім Алматы облысында байқалды - 6,5%.


Бұл ретте төртінші тоқсандағы орташа жалақы көлемі 204 168 теңгені құрады.


Ұлттық статистика бюросы І тоқсанда жалақының орташа мәні 285 433 теңгені, ІІ тоқсанда 312 011 теңгені, ІІІ тоқсанда 299 782 теңгені құрағанын еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалақы #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);